«Жастар үйінде» ақысыз ағылшын тілін оқыту курстары жалғасын табуда
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 01:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жастар үйінде» ақысыз ағылшын тілін оқыту курстары жалғасын табуда

16 Октября 2018 (12:01) | 1987 | Автор: Нурганым Имашева

«Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және "Жас қоғам" жастар бастамаларын қолдау қорының ұйымдастыруымен 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілі курсы ашылғаны туралы бұдан 1 ай бұрын хабарланған болатын.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында жергілікті БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарландыру таратылып, тегін тіл үйрену курстары туралы таратылған ақпарат қызықтырған жастар аталмыш курсқа жазылуға зор қызығушылық танытқан болатын. Нәтижесінде тіл үйренуге ниет танытқан жастардың саны 120 – дан асты.

 

 

Аталған тегін ағылшын курсында «Elementary» деңгейін куәландыратын сертификатқа ие болған Ермағамбетова Марта:

 

- Қаламыздағы оқу орталықтарындағы ағылшын тілі курсының бағалары күннен – күнге өсуде. Ал, бұл жоба біз секілді қарапайым жастарға зор мүмкіндік береді ойлаймын. Біз 1 ай көлемінде ағылшын тілінің әліпбиінен ережесіне дейін оқыдық. Алған білімімізді арнайы оқу орталығына, курсқа бармай – ақ, интернет арқылы жетілдіруге мүмкіндігіміз пайда болды деп есептеймін. Игі істің басы-қасында болған азматтарға, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

 

 

Қыркүйек айының басында тіл үйрену курстары өз жұмысын бастаған болатын. Бір ай көлемінде тегін ағылшын тілін оқыту курстарынан өткендер орыс тілді аудитория қатысушылары болды. Ағылшын тілінің базалық курсын меңгерген тыңдаушыларға өткен аптада салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

 

Жуырда тіл үйрену курстарының екінші кезеңі өз жұмысын бастап кетті. Бұл жолы дәрістер қазақ тілді аудиторияда жүргізіле бастады. Алғашқы сабақ басталар алдында тіл үйренуге келген жастар алдында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген сөз сөйлеп, заман талабына сай ағылшын тілін меңгерудің маңызына тоқталып, жастарға тіл үйренуде сәттіліктер мен мол табыстар тіледі.

 

 

Ағылшын тілін үйрету курсын жүргізетін оқытушы Гүлзейнеп Қасымхан:

 

-Бүгінгі алғашқы сабаққа келген жастардың тіл үйренуге деген ынтасы өте зор. Жас өрендердің заман талабына сай әрекет етуге деген талпынысы көңілге қуаныш ұялатты. Өткен айда тіл үйрену курсының дәрістеріне қатысқан жастар өте белсенді болғаны ұнады, енді жаңа топтан да осындай құлшынысты көргім келетінін жасырмаймын. Жастар бүгінгі таңда ағылшын тілін білудің маңызы өте зор екенін түсінетіні мені қатты қуантады,- деген пікірімен бөлісті.

 

Ағылшын тілін үйренуге «Жастар үйіне» келген жас буынның өкілдері де ұйымдастырушыларға арналған өз алғыстарын жеткізді. Солардың бірі «Меридиан» колледжінің ІІІ курс студенті Айнаш Тоқтарбаева:

 

-Осындай ағылшын тілін үйрету курстарын біз сияқты жастардың қажеттіліктерін ескеріп, біз үшін арнайы тегін тіл үйрену курсын ұйымдастырып отырған ұйымдастырушыларға, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығына алғысымыз шексіз.

 

 

Ағылшын тілін үйрену арқылы біз – жастар бәсекеге қабілетті маман болуға бір қадам жасап, өз мүмкіндіктерімізді молайтып, біліктілігімізді жоғарылатуға жағдай жасаймыз. Осы курсқа қатысу арқылы ағылшын тілін үйренудің алғашқы сатысын бағындырып, кейін одан әрі деңгейімізді көтеруге мүмкіндік туып отырғаны мені қуантады. Сондықтан бізге осы мүмкіндікті ұсынған ұйымдастырушыларға зор ризашылығымды білдіремін, -деп алғысын айтты.

 

Жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілін үйрену курсының сабақтары бір ай көлемінде аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді. Тегін түрдегі тілді меңгеру курстары өз жұмысын жыл аяғына дейін жалғастырмақ.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему