Бала денсаулығының сақшысы
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала денсаулығының сақшысы

25 Сентября 2018 (10:04) | 4858 | Автор: Нурганым Имашева

Күні кеше ақмаржан қаламыз Ақтауға 55 жыл толды. Осынау айтулы мерейтой тойланған тұста облыс орталығының өзіндік тарихының қалыптасуына өз үлесін қосып келе жатқан жандар туралы жазып, халық игілігі үшін ұзақ жылдар бойына аянбай тер төгіп, еңбек етіп жүрген адамдардың орны ерекше екені жайлы әңгімелеуді жөн көрдік.

 

 

Солардың бірі – Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының неврологиялық бөлімінің невропатолог дәрігері Алдабергенова Мария Тулешовна.

 

 

Мамандық таңдау сәтінде өз жүрек қалауымен болашақ кәсібін жаңылмай тапқан, сол өзінің сүйікті ісіне ұзақ жылдар бойы айнымай адалдық танытумен келе жатқан осы бір бала жанының бағбаны болған дәрігермен сұхбаттасу үшін облыстық балалар ауруханасына келдім. Өлкенің денсаулық сақтау саласына, соның ішінде Ақтаудың, қала берді аймақтың ең кішкентай тұрғындарының денінің сау болып, ауырмай, сырқамай, алаңсыз, балалықтың бал дәмін татуы жолында 17 жылдан бері ерен еңбек етумен келе жатқан Мария Тулешовнаның дәрігерлік жолының басталуы туралы әңгімесін қызыға тыңдадым. Красноводск қаласынан мектептің 8 класын бітіріп, Жаңаөзен қаласына қоныс аударған жылы медициналық колледжге құжат тапсырған ол, аталған оқу орнының «Медбике ісі» бөлімін үздік оқумен 1994 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, сол жылы Ақтөбе медицина институтының «Педиатрия» факультетінің студенті атанған.

 

2001 жылы сол ЖОО-нын аяқтап, «Педиатр» мамандығын алып шыққан Мария Тулешовнаның еңбек жолы Маңғыстаудан бастау алды. Алғашқы жылы жедел жәрдемде педиатр болып қызмет еткен ол, 2003 жылдың қараша айынан бастап қазіргі еңбек етіп жүрген облыстық балалар ауруханасына жұмысқа келген. 2004 жылдан бастап сол емдеу мекемесінде неврология бөлімі ашылғанда сол бөлімге невропатолог дәрігер болып орналасыпты. Содан бері ұзақ жылдар бойы өңірдің балалар неврологиясы саласында қызмет етіп келе жатқан біздің кейіпкеріміздің аталған сала туралы айтары өте көп.

 

-Мен еңбек жолымды бастағаннан бері медицина саласы көп алға жылжыды. Сол кездерде баланы қосымша зерттеу құрылғылары тапшы болушы еді. Мен дәрігерлік жолымды бастаған кезде УДЗ қарқынды енгізіліп, жұмыс жасай бастаған кезі болатын.

 

Көбіне 1 жасқа дейінгі балалардың басын УЗИ-ге түсіру арқылы ауруын анықтайтын едік. Қазір компьютерлік тамография (КТ), магнитті-резонанстық тамография (МРТ) құрылғылары пайда болды. Осылардың көмегімен нерв жүйесіне қатысты ауруларды анықтау үшін ауырып келген балаларды аталған құрылғыларға түсіреміз. Біздің ауруханада биылғы жылдан бастап электроэнцофалография аппараты енгізілді, оны меңгерген дәрігерлеріміз қазір эпилепсия диагнозымен келген балаларды осы аппаратқа түсіруді енді-енді бастап жатыр. Мұндай жабдықтардың ауруды дұрыс анықтау үшін көмегі зор. Айта кететіні, қазір аурулардың бұрынығыдай емес клиникасы да өзгерді. Мен дәрігерлік жолымды бастаған кезде аурудың күрделі түрлері көп болушы еді, қазір де олар бар, бірақ бүгінгідей кезде заманауи құрал-жабдықтардың түрінің көбеюі неврологтың жұмысын жеңілдететіні сөзсіз.

 

 

Электромиография деген аппарат бар, алайда ол бізде жоқ. Ондай жабдық елімізде тек ірі қалаларда бар. Егерде оны алсақ, біздің жұмысымыз жеңілдер еді.

 

Бүгінгі таңда облыста невролог мамандар жеткілікті. Қаламызда қазір 20-дан аса маман дәрігер бар. Аудандағы емдеу мекемелерінде де бұл тұрғыда мәселе шешілген,-  дейді Мария Тулешовна.

 

Дәрігердің мәлімдеуінше, «Неврология дегендегі аурулардың ішіне көптеген сырқаттар кіреді. Бұрын осыдан 10-15 жыл бұрын педиатр сәбилерді тексерген соң, денсаулығында ақау байқалса, екпені егуге қарсы көрсеткіші бар деген тұжырым жасайтын, ал қазіргі кезде біз 1 жасқа дейінгі балаға неврологиялық ауруы бар деген диагноз қоймаймыз. Себебі көп нәрестелердің ішінің кебуі, құсуы, ұйықтамау деген сияқты мазасызданулары болады. Ондай құбылыстар көп балаларда байқалады, тіпті 80 пайызында болады, ол - өтпелі кезең. Яғни ол - 9 ай бойы анасының құрсағында жатып дамыған, енді жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің қоршаған ортаға бейімделуі.

 

Ал ертеректе біз оны неврологиялық сырқат деп санаушы едік. Одан бері біз-дәрігерлер көптеген білім алдық, оқыдық, білімімізді жетілдіру курстарынан өттік, елімізге келген түрлі мамандардан дәріс алдық, сөйтіп біздің бұл тұрғыдағы көзқарасымыз өзгерді, әрине. Сондықтан 1 жасқа дейінгі сәбилерді қарасақ, олардың 80 пайызының дендері сау. Үш айға дейін баланың іші өтуі немесе іші қатуы, ия болмаса ұйықтамауы сияқты белгілері болуы мүмкін, бұлардың бәрі баланың қалыпты жағдайы болып есептеледі. Бүгінде облыста невролог мамандардың саны көбейді. Осыдан он жыл бұрын жағдай басқаша еді. Біздің дәрігерлеріміздің ортақ чаты бар, егер бір қиын жағдай бола қалса, өз қызметіміздегі сұрақтарды ортаға салу арқылы соларда талқылаймыз. Республикалық чатымыз да бар невролог дәрігерлердің».

 

 

Қазіргі кезде неліктен балалардың арасында неврологиялық сырқаттардың көбеюі байқалады? – деген сауалыма дәрігер-невролог М.Алдабергенова:

-Ол көбіне-көп отбасындағы әлеуметтік жағдайдың тұрақты болмауына байланысты, егер анасы жүктілік кезінде үнемі стрессте жүрсе, не болмаса анасының қаны аздығы (анемия) байқалса, бүйрегі ауырса, ұдайы денесі ісіп жүрсе, ол бала қалай сап-сау болып туылады?!

 

Көп болмаса да бүгінде аутоиммундық сырқат байқалады балаларда. Бұл ағзаның өз иммунитетіне өзі қарсы болып, өз клеткасын өзі жеуі. Егер баланың сырқаты ерте кезде анықталса, оны емдеп жазу да оңай болары сөзсіз. Сондықтан талма, ДЦП сияқты сырқаты барын көргеннен-ақ диагнозын қойып, баланы есепке алып, Алматы, Астана қалаларына республикалық клиникаларға жолдаймыз, себебі ондай сырқаты бары анықталған сәбилер неғұрлым ертерек оңалтудан (реабилитациядан) өтсе, сырқатын жеңуге мүмкіндігі болады,- деп жауап берді. Өзінің ұстазы туралы Мария Тулешовна: «Есбергенов Жұмажан Есбергенұлы атты ұстазым болды, ол кісі 40 жылдан астам осы ауруханада қызмет еткен бөлім меңгерушісі, білікті дәрігер болатын. Ағайым ұстазым ретінде жас маман болған кезімде маған көп нәрсені үйретті.

 

Есберген Жұмажанұлы облыстағы ең алғашқы балалар невропатологы болатын Аймақтағы барлық невропатолог дәрігерлердің ұстазы болған ол ағайымыз осыдан үш жыл бұрын өмірден өтті,-деп өзіне тәлім берген ұстазын ризашылық сезіммен есіне алып, жылы лебіздерін білдірді.

 

Өзінің дәрігерлік мамандықты таңдауына не түрткі болып, кім себепші болғанын сұрағанымда, кейіпкеріміз ақ желеңді абзал жан болуға себепші болып, бағыт-бағдар берген өзінен үлкен әпкесі Маңғыстаудың журналистика саласында ұзақ жыл қажырлы еңбек еткен ардагер-журналист Еркеш Нәрембаева екенін жасырмады. Медучилищеге құжаттарын тапсыруға барғанда қасына еріп барып, оң бағыт сілтеген, сөйтіп ардақты кәсіптің иесі атануына бірден-бір себепші болған Еркеш апайына деген ризашылығын білдірді. Өзінен бұрын отбасында дәрігер мамандығын алғандар болмағанмен, Мария Тулешовнадан үлгі алып, медициналық институтты тамамдаған туған сіңлісі де бүгінде балалардың көз дәрігері болып қызмет ететіні туралы айтып өтті.

 

 

Өзінің екі перзенті – ұлы мен қызы да медицина саласын таңдап дәрігер болуын қалайтынын айтқан кейіпкеріміз, ұрпағының өз жолын қууына еш қарсы болмайтынын білдірді, өйткені дәрігердің екі баласы кішкентайынан анасының қасында жүріп, әкелері де аналары да түнгі ауысымда кезекшілікте болған кезде анасының жанында болып, өз көргендерін ойындарында қайталап, қуыршақтарды емдеумен айналысқанын айтып, бір күліп алды. Адам жанының арашасы болу, соның ішінде сәбилердің денсаулығын қорғайтын бала дәрігері болудың қандай мәртебелі, асқақ абыройлы мамандық иесі болу екені туралы ой толғаған Мария Тулешовнаның сөздерінен оның өз ісіне деген сүйіспеншілігі, айнымас адалдығы жазбай танылып, анық сезіліп тұрды.

 

Сұхбатымызды аяқтай сала ауруханаға жаңадан келіп түскен баланы қарауға асыққан невропатолог дәрігер, бала жанының бағбаны – Мария Алдбергеноваға ел игілігіне арналған ізгілікті ісіне, мәртебелі мамандығы – дәрігерлік қызметіне толағай табыс тілеп, кішкентай емделушілерінің сырқатынан сауыққан жайдары жүздеріне, ата-аналарының ыстық ықыластары мен алғыстарына бөленуін тілеп қоштастық.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему