Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында жемқорлықпен күрес күшейтілген
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында жемқорлықпен күрес күшейтілген

21 Сентября 2018 (11:46) | 2470 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілі Б. Нуралиевтің хабарлауынша «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша Инспекцияда ай сайын жүйелі түрде  жұмыстар жүргізіліп, жиналыстар өткізіліп, мамандар күн сайын жазбаша, қол қойдырылып, нұсқауландырылып отырады. Сонымен қатар әр аптаның жұма күні сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша арнайы сабақтар өткізіліп,  видео роликтер көрністері көрсетіледі.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімі ағымдағы жылдың 27 ақпанында «2018 жылғы флоттағы апаттың алдын алу  іс-шарасы» жоспарының 23-бөліміне сәйкес, су көлігі саласындағы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуде, түсіндіру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің жұмыскерлерімен дөңгелек үстелі және 19 наурызында іс-шараның 18-бөліміне сәйкес, шағын көлемді кеме және база тұрақ иелерінің қатысуымен шағын көлемді кемелермен жүзу қауіпсіздігі және көлік оқиғасының талдау кеңесі өткізілді.

 

Жаз мерзімінде адам өмірін, теміржол көлігінде қауіпсіздігін сақтауда   Инспекцияда «Каспий теңізі» жағалауында орналасқан база тұрақ иелерінің,  жағажай демалыс орындарының иелері және шағын көлемді кеме иелерінің қатысуымен «шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау, база тұрақтармен жағажай демалыс базаларының 2018 жылғы навигацияға дайындығы» тақырыбында кеңес жиналысы жүргізілді».

 

 - Сондай-ақ, Бізбен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесімен, «Теңізде жүзу науқаны кезінде көліктік оқиғалардың алдын-алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» жасақталған болатын.

 

Осыған орай, шілде айында рейдтік тексерістер барысы теледидар арқылы халықтың назарына жарияланып, кеме иелеріне қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. 

 

2018 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7-бөліміне сәйкес, 1-ші маусымнан бастап «Скутер» акциясының өткізу нәтижесінде 623 шағын көлемді кемелерге тексеріс (осмотр) өткізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша 14 кеме иелеріне  108255 тенге айыппұл салынды.

 

Сыбайлас жемқорлық жайттарының алдын алу барысында ағымдағы жылдың тамыз айында «Билетсіз жүріс жоқ!» акциясы аясында 17 жолаушы поездары тексеріліп, 21 жолқұжатсыз жолаушыларды алған жауапты қызметкерлерге әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы ережесінің» бұзылуы тармақтары анықталып теміржолдың 24 жауапты қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілі Б. Нуралиев.

 

Сурет NewTimes.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему