Маңғыстаулық тәртіп сақшылары «Отбасы күнін» атап өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары «Отбасы күнін» атап өтті

19 Сентября 2018 (10:02) | 2548 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15 күні «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламаның аясында Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен «Отбасы күніне» арналған «Ашық есік күні» мерекелік шарасы өткізілді. Шараға ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың жанұялары қатысты.

 

 

Шараны Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Таймерденов Қанат Даниярұлы құттықтау сөзбен ашты. «Отан отбасынан басталады» деген  халықтың дана сөздерін келтіре отырып, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы, ол жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін, мәдениеттілігін тәрбиелеу жолындағы алғашқы қадамы екендігін айта келе, барлық қызметкерлер мен олардың жанұяларын зор денсаулық табысты еңбек тіледі. Отанға адал қызмет етуде отбасының ролінің зор екендігін атап өтті.

 

Департамент басшысынан кейін сөз алған Ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жариев Нағашыбай Омарұлы жеке құрамды отбасы мерекесімен құттықтады.

 

 

-Отбасы-шағын мемлекет». Адамның болашақта жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәрбиеге байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар қазақта .Сіздер секілді үлгілі отбасылары көп болсын, - деп  түйіндеді ол сөзін.

 

Мерекелік шара Департамент қызметкерлері балаларының өнер көрсетуімен басталды.  Концерттік бағдарлама Ақтөбе қаласында «Ел жүрегі - Астана» патриоттық әндер байқауынан 2-ші жүлделі орын алып келген екі өнерпазымыз: Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ  қызметкері Азизаев Төренияз бен бүлдіршін әншіміз Оспан Мөлдірдің өнерін тамашалаудан басталды. Сахнада жас өнерпаздар Дүйсенбай Тоғжан «Қайда», Оңғарбаева Әмина «Маңғыстау» әндерін  шырқады.

 

 

Шараның екінші кезеңінде Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жігіттері үлкен шеберлікпен  спорттық жаттығуларды  көрсетті.

 

Әрі қарай жарысқа басқарма, бөлімдерден құралған сегіз отбасы арасында «Көңілді старттар» жарысы басталды. Отбасылар арасында қаппен секіру, тағы басқа да сайыстар өткізілді. Сондай-ақ  ерлер гір тасын көтеруден, әйелдер қол күресінен  күштерін сынасты.  Соңында отбасылық командалар арқан тартудан сайысты.

 

 

«Эстафета» сайысында 1-ші орын Өксікбай отбасына, 2-ші орын Шалабаевтар отбасына, 3-ші орын Яхяевтарға бұйырды. Әйелдер арасында қол күресі бойынша 1-орынды Шалбаева Гүлназ, 2-орынды - Кащиева Баян, 3-орынды Алпысбаева Эльмира жеңіп алды. Гір тасын көтеруден 1-орынды Шалбаев Аманбек иеленсе, 2-орынға - Дегенязов Нүркен көтерілді, 3-орынды - Яхяев Абзал жеңіп алды.

 

Осылайша, жалпы командалық есепте 1-орынды Экстремизмге қарсы күрес басқармасынан Шалбаевтар отбасы иеленсе, 2-орынды – Тергеу басқармасынан Өксікбай отбасы, 3-орынды Көші-қон қызметінен Нұрасыловтар отбасы жеңіп алып, жеңімпаз атанды.

 

 

-Шараның ең қызықты сәті қойды көтеріп жүрелеп отырып-тұру жаттығуын жасау болды. Бұл сайыста қойды 50 рет көтерген Ішкі істер департаментінің қызметкері Асауов Дәурен жеңімпаз атанды. Қатысқан жанұялар өз күштері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.

 

 

Шара қызықты да әсерлі өтті,- деп хабарлайды біздің басылымға осы ақжолтай жаңалықты жолдаған Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему