Ақтау қаласының білім және тәрбие ошақтарында ТЖ-дан қорғану шаралары өтуде
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 00:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының білім және тәрбие ошақтарында ТЖ-дан қорғану шаралары өтуде

10 Сентября 2018 (17:26) | 2880 | Автор: Нурганым Имашева

Адам қоғамының даму тарихы табиғи апаттармен, авариялармен және апаттармен тығыз байланысты. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша адамдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шегеді. Сондай-ақ бүкіл әлем бойынша халық санының тұрақты өсуіне байланысты төтенше жағдайлар салдарынан халықтың қауіпсіздік қатерлері ушығуда.

 

 

Оқу және білім табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде қорғану тәсілдері және апаттар қатерін азайту жөнінде қажетті ақпарат берудің тиімді құрал болып табылады.

 

Осыған байланысты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жоспарлы негізде Департаменттің Азаматтық қорғаныс бөлімімен бірлесіп Ақтау қаласының № 22 жалпы білім беру орта мектебінде объектілік оқу жаттығулар мен семинарлар өткізді.

 

 

Білім беру объектілерінде теориялық және практикалық сабақтардың негізгі тақырыптары - бұл төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, өрт, төмен температуралар және адамға алғашқы көмек көрсету кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар.

 

-Практикалық жаттығуларды өткізу кезінде табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдарды, соның ішінде білім беру объектілерінен оқушылар мен балаларды эвакуациялау тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінді.

 

Сонымен қатар, оқытушылар құрамы мен оқушылардың дағдыларын арттыру және жетілдіру мақсатында эвакуациялық іс-шараларды мақсатты түрде өткізу бойынша іс-қимылдарды бірнеше рет пысықтау жүргізілді.

 

 

Ақтау қаласында барлығы 28 эвакуациялық жиналу пункті (ЭЖП) орналасқан, олар оқу орындары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының базасында құралады.

 

Бүгінгі күні барлық қалалық ЭЖП өз мақсаты бойынша қолдануға дайын,- делінген біздің басылымға Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы жолдаған ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему