Маңғыстау соттары Конституция күнінтойлады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау соттары Конституция күнінтойлады

30 Августа 2018 (14:24) | 1778 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстауоблыстық сотында Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сот төрағалары, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.

 

 

Мемлекеттік Әнұранмен басталған жиын облыстық сот төрағасы м.а. Нұрсапа Примашевтың құттықтауымен жалғасты.

 

- Сот жүйесін жетілдіре түсу жолында жасалып жатқан барлық игі шаралардың басталуы сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата Заңымыздың арқауында жатыр.

 

Ата Заңымыз - Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, жарқын болашағымызға жағдай жасап, елімізді айдай әлемге танытып отыр, - деген Нұрсапа Примашев  әріптестеріне амандық пен қызметтеріне абырой тіледі.

 

Сонымен қатар сот жүйесінің ардагерлері өз кезегінде сөз алып, лебіздерін білдірді.

 

 

Одан әрі салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасып, Нұрсапа Примашев сот төрелігін жүзеге асырудағы еңбектің жоғары сапасын қамтамасыз еткен, лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындаған  судьялар мен сот қызметкерлерін марапаттап, оларға «Алғыс хат» табыстады.

 

Ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, сот-құқық жүйесін дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін Маңғыстау облыстық сотының судьясы Шаншарбек Есбаганбетов, Ақтау қалалық сотының судьясы Марет Ковраева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің ардагері» медалімен марапатталды.

 

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер сот жүйесінің үздігі атанып, төсбелгілер тағылды.

 

Іс-шара соңы сот қызметкерлері дайындаған сахналық қойылыммен жалғасты.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему