Ақтаулық тәртіп сақшылары балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігінің алдын алуда
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 22:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшылары балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігінің алдын алуда

29 Августа 2018 (18:06) | 2404 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылғы 28 тамызда Маңғыстау облысы ІІД ӘПБ-де Маңғыстау облысының ІІД (ӘПБ, ЖПҚ, ҰҚҚКБ, КПБ, ЕБҚКБ)қызметкерлері, Білім басқарма өкілі, Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен «Жасөспірім» мақсатты жедел-профилактикалық іс-шарасы тақырыбында ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бердібек Нысанбаевтың басшылығымен дөңгелек үстел ұй ымдастырылды.

 

 

Жиынның мақсаты - балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, 2018-2019ж.ж. оқу жылының қарсаңында балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі, жасөспірімдер профилактикасы болды.

 

Жол қауіпсіздігінің профилактикасын нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралар мен облыс аумағында 01-10.09.2018 жылы өтетін республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жайында Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол қозғалысын ұйымдастыруды қадағалау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Қ.Айғарақов баяндады.

 

- 2018 жылдың 7 айында балалардың қатысуымен жалпы 24 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2-кәмелетке толмаған бала көз жұмып, 26 бала әр түрлі дене жарақатын алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (ЖКО-42,9 %, 42-ден 24-ге дейін, қайтыс болғандар -50%, 4-тен 2-ге дейін, жарақат алғандар-36,6%, 41-ден 26-ға дейін) төмендегенін көрсетті,- дейді Қ.Айғарақов.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы және кәмелетке толмағандар, оның ішінде топпен жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын сауық-орындарда болу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу мақсатында облыс аумағында 27.08.-05.09.2018 жылы республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығы және 15-18 тамызда «Кәмілетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сатуға және сатып алуға жол бермеу» жедел-профилактикалық іс-шарасында қала ішіндегі көңіл көтеру кафе-барлар, компьютерлік және дүкендер тексеріліп, түнгі уақытта спирттік және алькоголдік, қорқор өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша Маңғыстау облысы ІІД ЖПҚ аға инспекторы полиция капитаны К.Кылишаева баяндады.

 

 

-ҚР ӘҚБтК 132 бабымен жасөспірімдердің түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерде болуы бойынша 4 әкімшілік хаттама, жасөспірімдерге темекі бұйымын сату бойынша 10 құқықбұзушылық, яғни 5ш/а «Рима», 2ш/а «Ирина», 8 ш/а «Ердаулет», 28 ш/а «Балжан, 6 ш/а «Алекс», 11 ш/а «Рахмет», т.б. дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерде болуы бойынша -6 кәмілетке толмаған жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден кейін ойын-сауық мекемелерде яғни, 11 ш/а «Плей граунд» компьютерлік клубында жүргені анықталып, Ішкі істер басқармасына жеткізіліп, ата-аналарына хаттамалар толтырылды.

 

Осындай оқиғалардың оқу кезеңінде белең алып кетпеуі үшін 27.08.-05.09.2018 жылы аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы ауқымды көлемде қайта өткізіліп отыр,-деп мәлімдеді ол.

 

- Статистикалық мәліметтер бойынша жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жүрген жасөспірімдерге қатысты 2445 хаттама және ойын сауық-орындарда (сағат 22:00-ден таңғы 06:00 - ге дейін кафе, ресторан, бар, компьютер клубы) жүру фактілері бойынша жалпы 47 хаттама ата-аналарға толтырылған.

 

Осындай құқықбұзушылқтарды болдырмау және алдын алу мақсатында 27 тамыздан бастап 5 қыркүйек аралығында алдағы күндері тәртіп сақшылары мен құзырлы орган және БАҚ өкілдерімен бірлескен облыс аймағында ауқымды рейд жүретінін хабарлайды,- делінген ІІД баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратта.

 

Суреттерді түсірген ІІД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему