Маңғыстауда жеті айда АИТВмен 32 адам тіркелген
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жеті айда АИТВмен 32 адам тіркелген

29 Августа 2018 (11:35) | 1877 | Автор: Нурганым Имашева

АИТВ инфекциясымен тіркелетін жерлестеріміздің қатары күннен күнге көбеймесе, азаймай келе жатқаны анық. Мұны ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығынан алған мәліметтерден көріп отырмыз.

 

 

Биылғы 6 айда өңірімізде 27 адам АИТВ-мен тіркелген болса, 7 айда бұл көрсеткіш 32 жеткен. Дегенмен, орталық мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты екендігін айтып отыр.

 

1994 жылдан бері Маңғыстау облысында АИТВ жұқтырғандардың жалпы саны -299 болды. Оларды аудан-қалаларға бөліп қарастырсақ, Ақтау қаласында 168, Мұнайлы ауданында - 19, Жаңаөзен қаласында - 7, Бейнеу ауданында - 2, Түпқараған ауданында - 6 және Қарақия ауданында - 4 адам тіркелген. Бұлардың арасында 12 адам - өзге облыстардың тұрғындары, ал 81-і -шетелдіктер.

 

-Соңғы 7 айда тіркелген 32 адамның 25-і немесе 78,1 пайызы Қазақстан Республикасының азаматтары болса, 7-і шет елдер азаматтары екен. АИТВ-мен тіркелгендерді жынысына қарай бөліп қарағанда олардың 25-і немесе 81,5% ер азаматтар екендігі, 7-і (21,9%) әйелдер екендігі анықталған.

 

 

Өкінішке орай, АИТВ жұқтырғандардың 28,1% 20-29 жастағы жастарға тиесілі болып тұр, яғни, 9 жас қыз-жігіттер тіркелген. Ал 12 адам 30-39 жастағылар, 8 адам 40-49 жастағылар. 50-59 жас аралығындағы 3 адам тіркелген.

 

Әлеуметтік жағынан қарастырғанда, осы мерзім ішінде тіркелгендердің 19-ы экономикалық белсенді азаматтар, 12-і белгілі бір жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды. 1 адам тергеу-қамауға алынғандар арасынан шыққан. Бұл көрсеткіштер АИТВ вирусын жұқтырудан ешкім сақтандырылмағанын, аурудың адам таңдамайтынын аңғартса керек, - деп хабарлайды ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының баспасөз қызметі.

 

Суреттер Sputnik Казахстан, Tumba.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему