Темір жолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Темір жолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау

17 Августа 2018 (12:03) | 2426 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова жолаушылар пойыздарының басшылары және жолсеріктермен кездесіп, сыбайлас жемқорлық деректерін алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Жасыратыны жоқ, қазір вокзалға барсаңыз жетіп жатыр, сергелдеңге түскен жолаушылардан көз сүрінеді. Дені ақшасына билет таппай әлек. Жиынға қатысқан көліктік бақылау инспекциясы да, көлік полицейлері де тәртіп орнатуда қауқарсыз екендерін мойындағандай. Жолсеріктер мен пойыз басшыларына қанша жерден шара қолданып жатса да, «баяғы жартас – сол жартас». Кассаларда билет жоқ болғанымен, жолсерікпен келісуге болады, алайда билеттің бағасы аспандап тұр. Қажет десеңіз, жолсерік өзінің жатын орны немесе үшінші қабатты де бере салады.

 

Жиында бұған дейін бірнеше рет «Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындысы бойынша нақты деректер келтірілді. Ал теміржолшылар заң бұзушылықтар орын алып отырғандығын жоққа шығара алмады.

 

 

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы жүк тасымалдау бөлімшесінің басшысы Нәжмедин Ғұбашев қазіргі жағдайдан хабардар екендігін жасырмады. Тұрақты түрде тексерістер жүргізіліп, жолсеріктерге жолаушыларды билетсіз тасымалдамау жөнінде ұдайы ескертілетінін айтты және алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады деп сендірді. Сонымен қатар, жолаушылар пойыздарының вагондарын жаңарту бойынша жұмыстанып жатырмыз деді.

 

Ал облыстық көліктік бақылау инспекциясының теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуандық Аяповтың айтуынша, жыл басынан бері 38 жолаушылар пойыздары тексеріліп, 70 жолаушыны билетсіз тасымалдаған 17 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

 

ҚР 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Маңғыстау облыстық арнайы мониторингтік тобының төрайымы Рухия Алдоңғарова, жолаушылар пойыздарындағы санитарлық жағдайын сынға алып, вагондарды жаңарту қажеттігін айтып өтсе, оның орынбасары Әсет Манов құжатсыз, билетсіз және рәсімделмеген жүктерді тасымалдауға тосқауыл қою керектігін алға тартты.

 

Себебі билетсіз жүргендердің арасында аса ауыр қылмыс жасап тергеуден немесе соттан бой тасалап, қару тасымалдап немесе террористік ұйымдардың мүшелерінің жүрмесіне кім кепіл бола алады деген мәселені көтерді.

 

 

Бұл ретте жолсеріктер билетсіз жолаушылар және рәсімделмеген жүктер тасымалдауын доғармаса, одан бюджетке келтірілетін шығындарды тағы қосыңыз.

 

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы жолаушылар пойыздарының бригадирлері мен жолсеріктерді заңда көрсетілген талаптарды орындап, тәртіпке бағынуға шақырды.

 

-Біздің көздегеніміз сіздерді жазалау емес, керісінше өздеріңізді заңсыз әрекеттерге бармауға шақыру. Рас, қазіргі жағдай мәз емес, сіздердің үстіңізден шағым айтушылар көп.

 

 

Ортада жүрген делдалдар да анықтала жатар, ол бойынша тиісті органдар айналысатынына күмәніңіз болмасын. Ал енді бұл жағдай жалғаса беретін болса, қызметіңізден босап қалуыңыз ғажап емес. Сол себепті заңды аттамай, тура жолмен жүргеніңіз дұрыс, - деді Нұргүл Жанназарова.

 

Қорыта айтқанда жолсеріктер өздерінің қызметтік міндеттерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін өрескел бұзу фактілерін доғаратын емес. Сол себепті қоғам өкілдері билетсіз жолаушылардың қалтасын қағу арқылы заңсыз табыс табуды тоқтатпай отырған жолсеріктермен күреске бағытталған шараларды әлі де күшейту керек деген ұстанымда.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хакбарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему