ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты  жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

15 Августа 2018 (18:14) | 2355 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін мемлекеттік қызметшілерге Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова және ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қоғамдық және Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қайролла Ережепов «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым», «Басшының бағынысты қызметкерлеріне қатысты тәртіптік этикасы», «Этикалық кодекстің талаптарын қадағалау» және «Ұжымдағы жалпылама адамгершілік-этикалық нормаларға сәйкес қарым-қатынас мәдениеттін қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері, қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтарын алдын-алу және ұжымда жақсы моральдық-әдептілік нормаларын орнату жайы түсіндірілді.

 

Аталмыш шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша кешенді жоспарға сәйкес, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аясында өткізілді.

 

 

Қайролла Ережепов дәріс барысында мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Бөлісіп қана қоймай қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Бойыңда кәсіби іскерлік болса және адал еңбек етсең мансаптық сатымен өсуге болады деп сендірді. Оның үстіне қазіргі жағдай мүлдем басқаша, мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Ең бастысы, қара басыңның қамы емес, халықтың қамын ойлау қажет екендігін айтты.

 

 

Лекцияға қатысқан жас мемлекеттік қызметшінің бірі – Елжас Нұраханұлы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мемлекет және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметке тұрғанына 6 ай болған. Қазіргі уақытта Бейнеу ауданы аппараты әкімінің бас маманы. Бүгінгі шарадан алған әсері жоғары.

 

-Біз сияқты жас мамандардың үйренері көп. Сондықтан да осындай лекцияларға қатысу маңызды деп білемін.

 

Меніңше, мемлекеттік қызметші алдымен кәсіби білімді және бойында жауапкершілік болуы керек. Ең алдымен, халықпен жұмыс жасайтынын бір сәтке болсын естен шығармауы тиіс.

 

Жалпы университет қабырғасында да, күнделікті жұмыс барысында да заңды белшесінен баспай, адал болу керектігі үнемі айтылып жүр», - дейді жас маман.

 

 

Ал Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Алмасқызы, жас мемлекеттік қызметшілерді патриот болуға шақырды. Мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда, әсіресе кадрлық әлеует, еңбекақы мәселесі, мансаптық өсу бойынша нақты шаралар қолға алынғандығын айтты. Маңғыстау өңірінде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық екі есе артқан айтты. Бүгінде мемлекеттік қызметтегі бір орынға кей мекемелерде 10-20 үміткердің таласы бар.

 

-Уақыт бір орында тұрмайды. Көзді ашып-жұмғанша сіздер де түрлі салада басшылық ететін мүмкіндіктерге ие боласыздар. Сондықтан да бүгіннен бастап өзгелерге үлгі болуға тиіссіздер. Мемлекеттік қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңу оңай емес. Дегенмен, осы саланы таңдаған екенсіздер, демек адамгершілік қасиетті жоғары ұстай білулеріңіз керек. Сонымен қатар біліміңді жетілдіріп ұдайы ізденісте болу қажет», - деді ол.

 

Айта кету керек, академия филиалының қабырғасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі», «Мемлекеттік қызметтегі этика және имидж», «Тайм менеджмент» және тағы басқа тақырыптарда бірнеше лекциялар ұйымдастырылған.

 

 

Ал курстар түрлі бағытты қамтиды, әсіресе психология, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тексеру іс-шараларының тәртібін сақтау. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинарлар және «Тиімді басшы – тиімді қызметкер» сағаты өткізілген.

 

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасы (pocketbook) туралы айтылды. Аталған кітапшада мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған, жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және тәжірибеде бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему