Аймақ медицинасының өзекті мәселелері алқа отырысында талқыланды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 03:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақ медицинасының өзекті мәселелері алқа отырысында талқыланды

1 Августа 2018 (18:30) | 1927 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау жүйесіне қатысты көкейкесті мәселелер өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен алқа отырысында қаралды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындыланған отырыста әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі, облыстағы эпидемиологиялық жағдай мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау мәселелері талқыланды.

 

 

Алқа отырысында өңірдің медицина мекемелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ҚР МҚІСЖҚІА) Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы «Арнайы мониторинг тобы» төрайымының орынбасары Әсет Манов баяндама жасады.

 

 

-Мониторинг нәтижесі бойынша айтарымыз қызмет көрсету сапасы бүгінгі күннің талаптары мен заманауи стандарттарына сай келмейді. Медицина мекемелерінің жұмысына халықтың көңілі толу үшін олар барынша ашық болуы тиіс әрі уақыт ағымына сай шешімдер қабылдануы керек, - деді Әсет Манов.

 

 

Жаңаөзен қаласының денсаулық сақтау жүйесінде цифрландыру жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Персоналдың кәсіби деңгейі көңіл көншітпейді. Медициналық мекеме басшыларында жағдайды жақсарту жөнінде нақтыланған жұмыс жоспары мен модернизация жүргізу бойынша бағдарламалары жоқ.

 

Алқа отырысының қорытындысы бойынша өңірдегі медициналық ахуалды жақсарту үшін және «Арнайы мониторинг тобы» анықтаған кемшіліктерді жою мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР МҚІСЖҚІА Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Баспасөз қызметінен Нұрбол Окуов пен Данияр Оралов хабарлады (+7/7292/30-30-48).

 

 

Суреттерді түсірген Департаменттің Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему