Ақтау қаласының жастары арасында мемлекеттік қызметке қатысты интелектуалды сайыс ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 01:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының жастары арасында мемлекеттік қызметке қатысты интелектуалды сайыс ұйымдастырылды

19 Июля 2018 (21:55) | 2244 | Автор: Нурганым Имашева

Асыл тастан, ақыл жастан! Ақтау қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында "Мемлекеттік қызмет - менің таңдауым" тақырыбында интелектуалды сайыс өтті.

 

 

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, мемлекеттік қызметке қатысты мәліметтерді студенттер мен мектеп оқушыларына түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараға 4 команда қатысты.

 

Ашылу рәсімінде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев өз сөзінде жемқорлықты мейілінше азайтпайынша, елдің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуі екіталай екенін тілге тиек етті.

 

Меритократия дегеніміз не, мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуғақатысты сауалдарға жастар жарыса жауап берді.

 

 

Интелектуалды сайыс 3 кезеңді қамтыды. Алдымен сұрақ-жауап кезеңі, одан кейін «Капитандар сайысы» болса, үшінші кезең «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Алғашқы кезеңде тарихи таным, энциклопедиялық білім мен мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар келді. Екінші кезеңде команда капитандары ортаға шығып өз біліктіліктерін паш етсе, үшінші кезеңде түрлі логикалық суреттер көрсетіліп оның мән-мазмұны айтылды.

 

Жарыс нәтижесі боынша «Дарын» командасы – 1орын, «Жастар» командасы – 2орын, «Абылай» командасы – 3орын алды.

 

Ал «үздік капитан» номинациясы бойынша "Ақтау" командасының өкілі  ӨркенСалыевжеңіп алды.

 

 

-Жастар арасында тұңғыш рет өткізіліп отырған сайыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ,- дейді ақжолтай жаңалықпен бөліскен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему