Латын ғарпіне көшу – баршаға ортақ іс
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 21:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Латын ғарпіне көшу – баршаға ортақ іс

3 Июля 2018 (21:48) | 4238 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу туралы шешімі өте орынды, құптарлық іс, себебі қазақ тарихында латын әліпбиі ғұмыры қысқа болса да қолданылды. Сондықтан бұл жағдай егжей-тегжейлі тексеріліп, жан-жақты  қарастырылған  мәселе.Әрине, латын әліпбиіне көшу жолында көптеген  кедергілер болары сөзсіз. Көптеген жылдар  бойы қазақ әліпбиін қолданып келген халық үшін бұл жаңалық болуы мүмкін. Біршама кереғар пікірлер туындап, теріс әңгімелер де айтылады.Бұл қалыпты жағдай да...

 

 

Алайда болашақта ұлт пен ұрпақ қамы үшін – бұл ең оңтайлы шешім. Осы орайда айтқым келгені, біз бүкіл тілімізді аударғалы жатқан жоқпыз, жәй ғана әліпбиді латынға көшіріп, тілімізді сақтап қалғалы жатырмыз. Оның үстіне латын әліпбиінің басым бөлігі фонетикаға негізделеді, яғни сөзіміздің таза айтуын ақтап қалады.

 

 

Біз енді сол үрдісті жалғастырып, заманға сай лайықтап, бейімдеп, әрі қарай дамуына ықпал етуіміз қажет. Оның үстіне тағы бір ескерілетін жайт, бүгінгі таңда кирилица жазуын әлемнің 12 мемлекеті қолданса, қалған  мемлекеттеріміздің  көбі латын әліпбиін қолданады екен.  Демек, бұл кең тараған жазу. Мысалға алып көрейікші, қазіргі технологияларда ең азы ұялы байланыста латын әріптермен тез жаза аламыз. Мұның өзі латын әліпбиіне біртіндеп көзіміз үйренетінін көрсетеді.

 

 

Елбасының «2005 жылға дейін латын ғарпіне көшу туралы» ұсынысында бірден көшу айтылмаған. Латынға көшу бағытында ауқымды істердің атқарылуы тиіс екендігі баршамызға түсінікті. Ақпарат құралдарын,жаңа заманғы технология тілдерін біртіндеп латынтіліне  енгізу жұмыстары жасалады деп күтілуде.

 

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында да латын графикасына көшу бағытында үлкен  шаралар атқару міндеті тұр. Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары  жасақталып, аталмыш жоспар бойынша жаңа емле ережелері бекітілгеннен кейін  жаралар жүзеге асырылады.

 

 

Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

 

Суреттер Zakon.kz, BNews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему