Рухани жаңғыру
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Рухани жаңғыру

3 Июля 2018 (18:26) | 6649 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды тезистердің бірі тарихтың және мәдени өзін-өзі анықтаудың ауқымдылығын сақтаудан және ұғынудан тұрады.

 

 

Жаңа технологиялар жасалынатын болады, жаңалықтар ашылатын болады, бірақ Қазақстан халқына жаңа жасампаз істер мен жеңістерге тың күш бере отырып, рухани құндылықтар мен іргелі білімдер, негіз өзгеріссіз қалады.       

 

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.

 

Саяси, эконо­микалық реформаларда еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ол адамның құндылығы, рухани байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға мән бермесек, мұнымыз үлкен қателік болатынын айтып отыр.

 

 

Бұрын анда-санда айтылып қалатын пікірлер бұл жолы үлкен бір бағдарламаға айналған. Елбасының руханиятқа, білімге, ғылымға мән беруі – үлкен көрегендік. Бұл жұмыс дер кезінде жасалып жатыр, енді оны халыққа жеткізе білу керек. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс.

 

Бұл бағдарлама біздің гуманитарлық ғалымдарды бір көтеріп, сілкіндіріп тастайды деп есептеймін. Өйткені мұнда тілге де, әдебиетке де, философияға да, экономикаға да байланысты керемет бастамалар ұсынылған. Бұған ғалымдар белсене атсалысып, нәтижелі жұмыс істеуге жұмылуы керек.

 

«Білімді - мыңды жығады, білекті - бірді жығады» дейді. Білімі мықты болуы үшін еліміздің білім беру саласын реформалаймыз деп жатыр. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуымыз керек. Білім - әлемдік, тәрбие  - ұлттық болуы керек. Ата-бабаларымыздың баяғы­дан келе жатқан үлкен құндылықтар жүйесі жастарымыз­дың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр.

 

 

Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.

 

Ұлт дегеніміз – тірі ағза сияқты дүние. Ол үнемі рухани жаңғырып, жаңаланып отырады. Президенттің бағдарламалық мақаласы осындай жаңғыру үшін қажет рухани-саяси бағдар бола алады.

 

М.Мукашев Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

 

Суреттер «Егемен Қазақстан», astanafm.kz Zakon.kz,  BNews.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему