Ақтауда арнайы мониторинг тобы бірнеше денсаулық сақтау мекемелеріне тексеріс жүргізді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда арнайы мониторинг тобы бірнеше денсаулық сақтау мекемелеріне тексеріс жүргізді

30 Июня 2018 (11:38) | 2327 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған арнайы мониторинг тобы тексеріспен 26 маусым күні «Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы» және «Облыстық балалар инфекциялық ауруханасына» барды. 

 

 

Топтың аталған денсаулықсақтау мекемелеріне барудағы мақсаты – олардың балалар денсаулығын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарының сапасы, халыққа колжетімдігі, ауруханалардың жай-күйі, олардағы шешілмей жатқан мәселелерді анықтап, кемшіліктеріне назар аудару, айқындалған кемшіліктер, заң бұзушылықтарды тиісті жауапты қызметтерге хабарлау арқылы түзетілуін қадағалау болатын.

 

«Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына» барған сәттен бастап мониторинг тобының мүшелері біраз кемшілікке назар аударды. Есіктен кірген жерде орналасқан «Анықтама қызметінде» отырған мекеме қызметкерлері қойылған сауалдарға толыққанды жауап та бермей, тексеруге келген топтың кімдер екенімен де шаруасы жоқтай, немқұрайлылық танытқаны көзге ұрып тұрды.

 

Аурухана директорымен жолығудың сәті түспеген соң, топ мүшелері басшының орынбасарын іздестіргенмен, директордың емдеу жөніндегі орынбасары  кезекті еңбек демалысына кеткен болып шықты, ал оның орнында уақытша міндетін атқарушы лауазымды тұлғаның да жоқтығы анықталды.

 

 

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мониторинг тобының төрағасы Рухия Алдоңғарова:

-Тексеріс барысында біраз кемшіліктердің беті ашылды. Атап айтар болсақ, ауруханадағы катамнистикалық кабинетті көрдік, оның тиісті дәрежеде жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Бұл жерде туылғаннан денсаулығында ақауы бар, яғни туа бітті дамуында ақауы бар сәбилер дәрігер есебінде тұруы қажет. Кабинетке жөндеу жүргізілген, алайда оның есігі жабық, ашып көрсетуді талап еткенімізде, ол жерде ешбір қабылдау жасалмайтындығы белгілі болды, себебі қабылдау журналын көрсетуді сұрағанымызда қызметкерлер ешбір журналды көрсете алмады,-деп мәлімдеді.

 

Топ құрамында болған балалар дәрігері-сарапшының айтуынша, Маңғыстау облысы жаңа туылған сәбилер өлімі бойынша республикада алдыңғы орында тұр, себебі бала өлімінің 60-70%-ы осы сәбилердің  туа бітті дамуында ақауының болуынан.

 

-Облыстық балалар ауруханасында биылғы жылдың сәуір айынан бастап компьютерлік томография жабдығы істен шығып қалуына байланысты жұмыс істемей тұрғаны анықталды. Ұзақ уақыт бойы осындай маңызды жабдықтың жұмыс істемеуі салдарынан аурухана келісімшарт арқылы өзге мекемеде балаларды тексертіп отырғаны болуы керек. Ал кейбір ата-аналар балаларын ақылы тексеруге апарып, қиындық көріп отыр, себебі компьютерлік томография тексеруін жасату арзан тұрмайтыны белгілі, - дейді Рухия Жакенқызы.

 

 

Топ құрамында болған балалар дәрігері-сарапшының мәлімдеуінше, «Ауруханада «Триаж» жүйесі бойынша (Триаж – француз тілінен аударғанда –сортировка -сұрыптау) жасыл, сары және қызыл жолақ жасалған.

 

«Осы жүйе бойынша ауырып келген балаларды қай жаққа жіберуді кім анықтайды?» деген сауалымызға, «Оны – санитарка сұрыптайды» - деген жауап алдық. Үш медбике компьютерде жұмыс істеп отырды.

 

Қызыл жолақ бойынша жедел қабылдау жасалуы тиіс, яғни ол бойынша демалысы нашарлаған, қатты жарақат алып, қол-аяғы сынған немесе денесі құрысып, сіресуі басталған сәбилер тез арада «Қызыл кабинетке» жіберілуі тіиіс. Ол жер жабық болды, оның сары жолақ аумағымен ширма арқылы бөлінгенін байқадық. «Қызыл кабинет» - кішкентай жансақтау бөлмесі болуы тиіс. Ол бөлек болуы керек. Келген балалардың бәрі «Сары кабинетте» қабылданып жатты.

 

 

«Жасыл жолақ» бойынша сырқаты онша қауіпті емес сәбилер қабылдануы тиіс, оларды педиатр қабылдап алып, диагностикалық бөлімге жолдауы қажет, ал мұнда бірден диагностикаға жолданатынын көрдік, бұл жерде қателік жасалуда, олай болмауы керек».

 

Осы кемшіліктер бойынша топ құрамындағы сарапшы катамнистикалық кабинет бойынша облыстық балалар ауруханасы толық анықтама беруі тиіс, анықталған кемшіліктерді түзетудің шарасын алуы тиіс деген ұсыныс жасап отыр.

 

«Облыстық балалар инфекциялық ауруханасына» барған кезде монитроинг тобының мүшелері көптеген кемшіліктерді анықтады.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мониторинг тобының төрағасы Рухия Алдоңғарова:

-Аурухананның жағдайы сын көтермейді. Көп жылдар бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Санитарлық жағдайы өте нашар. Палаталарда сырқат сәбилер аналарымен бір керуетте жатыр, олай болмауы тиіс, сәбилерге арнайы бала керуеттері қойылуы тиіс.

 

Бір палатада жансақтау бөлімінен шыққан бір сәби әкесімен бірге бір керуетте жатыр, анасының орнына баласын қарап жатқан әкесі ауру баласын қасына алып жатыр. Сол кезде көрші бөлмеде екі бірдей бала керуеті бос тұр. Оларды дереу палаталарға бергіздік.

 

Емдеу мекемесінің санитарлық жағдайының нашарлығы, ескі-құсқы жиһаздарды пайдаланып, балаларға кереует жетпейді деуі – ХХІ ғасырда өмір сүріп жатып, мынадай күйде болуы ақылға сыймайтын жай.

 

Маңғыстау облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті бұл аурухананың жағдайын көптен бері тексермеген шығар деген ой туады мына кемшіліктерді көргеннен кейін.

 

Өздері инфекциялық сырқатқа ұшырап келген балалар мынадай жағдайдағы ауруханадан ем алудың орнына, аз уақыттан соң қайтадан ауырып қалуы әбден мүмкін. Мұнда емделуге келетіндер кішкентай сәбилер ғой, ал олар сәл нәрседен жұқпалы инфекцияны тез қабылдайды,- деген өз пікірін білдірді.

 

 

Аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі қажетті жабдықтар сатып алынбағалы ұзақ жылдар болғанын, реанимациядағы кислород баллондарының болуы өте қауіпті екенін, бөлек түрде кислород берілетін жүйенің болмауынан осындай қауіпті жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтып қынжылыс танытты.

 

Осындай жағдайды көрген мониторингтік топтың мүшелері жыл сайынғы аймақтағы медицинаның дамуына бөлініп жатқан қыруар қаржы неге осындай ауруханалардың жағдайын түзетуге жұмсалмайды деген сауалды бір-біріне қарап қайталаумен болды.

 

Түстен кейін мониторинг тобы облыстық денсаулық сақтау басқармасына барды. Тотың басшысы Рухиия Алдоңғарованың мәлімдеуінше, «Ол жерде көптеген вакансиялардың бос тұрғаны анықталды. Мемлекеттік қызметтегі вакансиялар бос болмауы тиіс.

 

 

Облыс бойынша өз саласына жауапты болатын бас гинеколог, бас педиатр сияқты жетекші мамандардың орны бос болуы осы бағыттағы жұмысты қадағалап, тексеріп отыратын адамның болмауынан қызмет сапасының ақсайтынын ұмытпау керек».

 

Арнайы моиторинг тобының «Облыстық туберкулезге қарсы диспанері» МКҚК және «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына»жасаған тексерістері туралы алдағы уақытта ақпарат беретін боламыз.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему