Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті

25 Июня 2018 (19:14) | 2506 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастаруымен «Мемлекеттік қызметші күні» және «Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы» аталып өтілді.

 

 

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, облыстағы басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, мәслихат, арнайы және құқық қорғау, жергілікті, сонымен қатар орталық атқарушы органдары өңірлік департаменттерінің басшылары, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері, ірі кәсіпорын басшылары, әдебиет, өнер, мәдениет саласының майталмандары, ұлттық этномәдени орталықтарының өкілдері, қоғам белсенділері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

 

Алғашқы болып сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов,тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  қолға алынып жатқан жасампаздық жобаларды, баянды бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы жұмыстардың ең алғы шебі мен жауапты учаскелерінде еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегі орасан деді. Саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнап, оның дамуына зор үлес қосқан ардагерлер де, бұл саладағы қызметін жаңадан бастап келе жатқан, ертеңінен зор үміт күттіретін жастар да баршылық екендігін атап өтті.

 

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформасы аясында «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын ұсынғаны белгілі. Оның аясында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасты. Ендігі жерде мемлекеттік аппараттың құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің алдында жаңашылдыққа ұмтылыс, бастамашылдық, өзін-өзі жетілдіру, қызмет алушылардың қажеттіліктеріне бет бұру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет, әдеп ережелерін сақтау сияқты қасиеттерге ие болу міндеті тұр. Еліміздің болашағына, оның өркендеуіне зор әсерін тигізетін бұл жаңа модельді одан әрі жетілдіру үлкен күш-жігер, жауапкершілік, жоғары кәсіби шеберлікті қажет.

 

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі, еңбек өтілдері мен меритократия қағидасы бойынша лауазымдық жоғарылауы әрдайым басты назарда болуы тиіс. Білікті мамандардың мансаптық жоғарылауына ішкі конкурс арқылы мүмкіндіктер жасалудажәне өз еркімен жұмыстан кетудерегі азайған. Оның бірден-бір себебі Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері пилоттық жүйедегі «Факторлы-балдық жүйе бойынша»жоғары (екі есе) жалақы алуда. Бұл жүйе Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт жоспарына» сәйкес енгізіліп отыр.

 

 

Мекеме басшылары тарапынан білікті кадрларды ынталандыру арқылы білімін жетілдіруге жағдай жасалса және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілсе, мемлекеттік қызметшілер де жұмыстың тиімділігін арттырып, адал қызмет етері сөзсіз.

 

Мерекелік шара кезінде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары Бауыржан Тұяқов және Рамир Алекперовтың есімдері аталды. Ал аталмыш байқаудың облыстық жеңімпаздары Аманғали Нұрдәулетов пен Ренат Шамухановқа алғыс хат табысталды.

 

Сондай-ақ, еңбектегі адал қызметімен көзге түскен бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатқа ие болды. 607 мемлекеттік қызметшінің басын қосқанV ашық Спартакиада жеңімпаздары да марапаттан тыс қалмады.

 

 

Айта кету керек, спорттың 8түрінен өткен Спартакиадаға 26 команда қатысып, агенттіктік аумақтық департаменті үшінші орын, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы екінші орынға тұрақтаса, Мұнайлы ауданының әкімдігі жеңімпаз деп танылып, диплом және Кубок табысталды. 

 

Осыдан 20 жыл бұрын мемлекеттік қызметке келген аға буын, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарға өздерінің тілегін жеткізді.  

 

Мерекелік шараның соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, мемлекеттік қызметшілердің өздері де сахна төріне көтеріліп, ән айтып, би билеуден өнерлерін паш етті. 

 

Кәмшат Айбергенқызы

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему