Маңғыстауда судьялар мен сот қызметкерлері білім алаңында сайысты
25 Июня 2018 (09:09) | 1864 | Автор: Нурганым Имашева
-Маңғыстау облыстық сотында «Рухани жаңғыру ‑ мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстелдің» қарарын іске асыру мақсатында жас судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында«Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік конкурсы өтті,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі7
Іс-шараға облыстық соттың судьялары, сот қызметкерлері қатысты.
Аталған конкурсты өткізудегі мақсат - ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық кодты және дәстүрлі мәдениетімізді сақтау, рухани-мәдени білімді арттыру, қазақтың билер сотының дәстүріне сәйкес сот төрелігін әділ жүргізуге баулу, мемлекеттік тілді жетік меңгеру және тіл мәдениетін арттыру.
Топ жарып, шаршы алаңда білім бәсекесіне келген байқауға 2 жас судья, 1 судьялыққа үміткер және 5 сот қызметкері қатысты.
Тарихи-танымдық зияткерлік конкурсына қатысушылар «Туған өлкем - тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі», «Рухани жаңғыру» кезеңдері бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде үміткерлер 3 минуттан аспайтын уақыт ішінде өзін, өзінің туған елі мен жерінің тарихын таныстырса, екінші кезеңде атақты би-шешендерің, ақын, жыраулардың сөзін жалғастыру арқылы олардың білімдері сынға түсті. Ал «Рухани жаңғыру» кезеңінде қатысушылар еліміздің тарихы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттер және еліміздің белгілі тұлғалары, қасиетті жерлері туралы танымдық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
«Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік сайысының қорытындысы бойынша 1-орынды Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының бас маманы Г.Қойланова қанжығасына байлап, республикалық кезеңге жолдама алады. Ал 2-орынды Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Қ.Айдарова иеленсе, 3-орынды Маңғыстау облыстық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Досмуханбетов жеңіп алды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему