Ақтауда велошеру өтті
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 07:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда велошеру өтті

24 Июня 2018 (14:17) | 2332 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасының Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтауда «Қазақстан полициясы күніне» және Халықаралық Олимпиада мерекесіне орай велошеру өтті.

 

 

Велошерудің мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.

 

Велошеруге қатысуға өз ісінің шеберлері мен қызығушылық танытушылар өтініштерін берді. Велшеру «Халыққа қызмет көрсету орталығының» жанындағы «Кездесу» қиылысынанбасталып,  «Грин Парк» аймағына дейінгі аралықта мәресіне жетті.

 

Ауқымды спорттық шараны ашқан облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов жарысқа қатысушыларды құттықтады.

 

Жарысқа қатысушылар арасынан 18-31 жас аралығында - 3 орын жүлдегері болып Молодцов Валерий атанса, 2 орын - Тимур Ястремскийге бұйырды, 1 орын жеңіп алып, жеңімпаз атанған Казаков Дмитрий болды.

 

31-45 жас аралығында - 3 орын Алмабекова Анельге бұйырса,, 2 орынның иесі - Тулешова Алия, 1 орынды иеленген жеңімпаз Казакова Евгения атанды.

 

46 жастан жоғары – 3 орын жүлдегері атанған Боков Николай, 2 орын жүлдегері - Дроган Сергей, 1 орынды алған жеңімпаз – облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының ІІ Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему