Маңғыстауда «Қазақстан полициясы күні» аталып өтілді
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Қазақстан полициясы күні» аталып өтілді

24 Июня 2018 (14:14) | 3635 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы облысы Ішкі істер департаментінде Қазақстан полициясына 26 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.

 

 

Салтанаты шараға облыс әкімі  Ералы Лұқпаұлы Тоғжанов, полиция ардагерлері, департаменттің барлық жеке құрамы және басқа да қонақтар қатысты.

 

Облыс әкімі тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтап,  құттықтау сөзін Елбасының «Полиция қызметкерлері – қылмыспен күресте, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда алдыңғы қатарда тұрған адамдар» деген сөзімен бастады.

 

-Соңғы жылдары облыс көлемінде жасалған қылмыстар саны азайды. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің зор үлесі бар екенін білеміз, - деп атап өтті облыс әкімі.

 

 

Сонымен қатар, ол атаулы мерекемен қатар келген «Мемлекеттік қызметшілер» күнімен құттықтай отырып, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге зор денсаулық, еңбектеріне және барлық жаңа бастаған істеріне табыстар тіледі.

 

Облыс әкімінің «Алғысымен» марапатталғандар: Маңғыстау облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасыЖариев Нағашыбай Омарұлы Жариев; Ақтау қаласының ІІБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Төлегенов Тұрсынбек Талгатұлы; Жаңаөзен қаласының ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Косанов Мырзақұл Садуакасұлы; Жаңаөзен қаласы ІІБ ЖПҚ ЖБО кезекші бөлімінің операторы Садықова Әсел Бекташқызы; Маңғыстау ауданы ІІБ –ның полицей-жүргізушісі Нұреденов Адайбек Жәнібекұлы; Бейнеу ауданы ІІб ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Нұрланулы Нұргиса; Мұнайлы ауданы ІіБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қошқаров Таған Рахатович; Қарақия ІІб уақытша ұстау изоляторының полицейі Дарханбаев Бақыт Избасарұлы; Ақтау қаласы ІІБ-ның аға тергеушісі Оразалиев Берекет Айтбаевич; Қарақия ауданы ІІб-нің учаскелік полиция инспекторы Жарылгапбаев Жандос Жалгасбаев; Мұнайлы ауданы ІІб-нің анықтаушысы Аралбаева Айгерім Нурмагамбетовна.

 

 

Сонымен қатар, 4 полиция қызметкеріне отбасымен демалуға туристік жолдама, қызметкерлердің балалары үшін жазғы лагерге 45 жолдама берілді.

 

Маңғыстау облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Қанат Таймерденов салтанатты шараға қатысып отырған жеке құрамды, барлық полиция ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, олардың жасаған ұзақ жылғы қызметі үшін алғысын білдірді.

 

Полиция басшысы облыстың Департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту жолында көптеген жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті.

 

 

-Облыс әкімдігінің қолдауымен автопарк жыл сайын жаңартылуда, жаңа құрал-жабдықтар алынуда, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне пәтер кілті табысталуда. Тәртіп сақшылары азаматтардың тыныштығы үшін бар күштерін салуда. Біздер әскери міндетін өтеу кезінде қаза болғандарды ұмытпаймыз, -деп атап өтті ол.

 

Салтанатты жағдайда ҚР ІІМ-нің бұйрығымен қылмыспен күресте және жедел қызметте жоғары көрсеткіштері үшін полиция қызметкерлері медальмен, грамоталармен марапатталды.

 

 

Сондай-ақ, «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгісімен Щербак Виктор Григорьевич, Сарғожаев Дүйсенбек марапатталса, ІІД ЖПҚ бөлімінің бастығы М.Дайханбаевқа полиция полковнигі атағы берілді, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция полковнигі М.Сералиев; ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен: полиция майорыА.Коренских, полиция капитаны В.Аванесян, аға лейтенант Аманкосұлы Ержан; Қазақстан Ресспубликасы ІІМ Құрмет грамотасымен: полиция майоры  Е.Балгабаев; ҚР ІІМ Грамотасымен полиция капитаныБ.Кузенбаев және т.б. марапатталды.

 

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының ІІ Департаментінің баспасөз

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему