Ақтаудағы білім ошақтарындағы өртқауіпсіздігінің сақталуы ахуалына сын айтылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы білім ошақтарындағы өртқауіпсіздігінің сақталуы ахуалына сын айтылды

22 Июня 2018 (09:53) | 1695 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығында орналасқан ЖОО, жалпы білім беретін орта мектептер және балабақшалар басшыларының басын қосқан жиын өтті.

 

 

Шараға Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінің «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы» бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Алексеев Александр Геннадиевич, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Көбейсінұлы Қойжанов, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Тулебаева және Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмас  Ысқақов қатысты.

 

Басқосуда облыстағы білім беру және тәрбие ошақтарындағы өрт қауіпсіздігінің ережелерінің сақталуы, тексерістер кезінде анықталған кемшіліктер жөнінде баяндама жасаған ТЖ Департаментінің «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы» бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры А. Алексеев аймақтағы білім беру саласындағы нысандардың өрт қауіпсіздігін тексеру кезіндегі байқалған көптеген заңбұзушылық фактілерін тізіп айтты. Ол Ақтау қаласында ең көп кемшілік анықталғанын атап өтті. Жаңаөзен, Қарақия, Мұнайлы аудандарындағы мектептердегі асхана, жылыту қазандығы сияқты орындарда біраз кемшіліктер байқалғанын тілге тиек етті.

 

 

-Ақтау қаласында тіркелген 135 білім нысанында тексеру жұмыстары жүргізілді. Оларда 82 – жоспарлы және 25 – жоспардан тыс тексеру болды, солардың қорытындысымен 61 жауапты заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданылып, хаттама толтырылды.

 

Ол жерде айыппұлдар және ескертулер де бар. Осы ұйғарымдар бойынша маусымның 20-сынан бастап қайта қадағалау тәртібімен, заңбұзушылық анықталған нысандарда кемшіліктердің жойылғанын тексеру бойынша қайта тексерулер ұйымдастырылады.

 

Қаладағы жекеменшік балабақшаларда заңбұзушылық фактілері аз емес. Олардың құжаттарында функционалды мақсаттары өзгертілмеген. Автоматты өртдабылдары жұмыс істемейді, өртсөндіру құралдары түгел емес және жарамсыз күйде.

 

Кейбір білім беру мекемелерінде 2-3 жыл бойына тексеру кезінде анықталған кемшіліктер әлі түзелмей келе жатқан фактілер бар. Мысалы қаладағы белді ЖОО – Ш.Есенов атындағы университеттегі өртдабылының жұмыс істемеуіне байланысты былтыр біраз айыппұл төленгеніне қарамастан, сол кемшілік әлі күнге түзетілмеген.

 

Білім беру мекемелерінің басшылары өртдабылына қызмет көрсету мекемелерімен дер кезінде келісімшарт жасасуға құлықсыз. Мұның себебі – қаржыны үнемдеу деп ойлаймын. Осының салдарынан өрт орын алса  – орны толмас өкінішке қалу мүмкін екенін ұмытпағандарыңыз абзал,- деп ескертті Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы А. Ысқақов мектеп, балабақша басшыларына.

 

 

Алмас Атапкелұлының айтуынша, «Қайта тексеру барысында кемшіліктердің түзетілмегені анықталса, хаттама толтырылып, мәселе сотта қаралатын болады. Жекеменшік балабақшаның бірінде екінші қабаттағы өрттен сақтандыру баспалдағы мүлдем қарастырылмаған, бұл – үлкен заңбұзушылық. Қауіп төнген кезде балаларды құтқару мүмкін болмайтынын естен шығармауымыз керек.

 

Өртдабылдарының қолдану мерзімі 10 жылға толса, оларды ауыстыру қажет. Сондықтан 2019 жылға осыны жоспарлау үшін осы күннен қаражат қарастыру жағын қарастыру керек».

 

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының мәлімдеуінше, «Былтыр Ақтауда бір жекеменшік балабақша ғимаратында өрт оқиғасы орын алса, биыл №6 орта мектепте жақында өрт шықты. Ол оқиға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер компанияның құрылыс материалдарын тиісінше жинамағанынан болған. Сол себепті мектептің өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға жауапкершілікке тартылды».

 

Жиын барысында Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының м.а Н.Қойжанов пен Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы С.Тулебаева Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысына білім нысандарындағы анықталған кемшіліктерді берілген ұйғарым бойынша түзетуге күш салынып, алдағы уақытта төтенше жағдайлар қызметімен  білім саласының басшылары бірлесе қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему