Адамдарды құтқаруға үйретті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Адамдарды құтқаруға үйретті

17 Июня 2018 (17:26) | 2454 | Автор: Нурганым Имашева

«Адамды құтқару және оны мүгедек етпеу үшін, алдымен адамдарды үйінділерден құтқару ережелерін жатқа білу қажет» – міне осы тақырыпта зардап шеккендерге көмектесуге үйрету мақсатында апаттық медицина орталығының дәрігері Бисенбиева Мансия Климовна құтқарушыларға арналған сабақ өткізді, - деп хабарлайды біздің басылымға «Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

 

Апаттық медицина орталығының дәрігері Мансия Бисенбиеваның айтуынша, «Ұзақ уақыт қысылып қалып, зардап шеккен адамға алғашқы көрген сәттен дұрыс көмек көрсете білу керек. Себебі жәй ғана жарақаттанған адамды алып шықсақ, ол бірден құтқарушының қолында немесе ұзақ уақыт қысылып қалуы синдромы салдарынан ауруханада жан тапсыруы мүмкін.  

 

Кез-келген ауыр заттың астында қысылып жатқан адамды құтқару кезінде адамға салмақ түсіріп тұрған жағынан бірден көтеруге мүлдем болмайды. Алдымен тыныс алу жолдарын тазалап, дене тұрқын босатып алады. Аяқ-қолын босатпастан бұрын, алдымен жарақаттанған жерден жоғары жгут байлайды және содан кейін ғана жарақаттанған адамды абайлап босатуға болады. Егер затты бірден алып тастасақ жарақаттанған бұлшық етің жаппай бұзылуы салдарынан пайда болатын улы өнімдер қанға араласып кетеді. Бұл бүйректің тез жарақаттануына әкеліп соғады, жіті бүйрек жетіспеушілігінің салдарынан адамның ауруханаға жетпестен өліміне әкеліп соқтырады».

 

 

-Жарақаттанған жерді қатты байлап, барынша салқындатып, егер адам денесінің астыңғы жағы жараланса шешіндіріп, тазалайды. Ашық жарақат (кесілген) болса таңып, байланады. Мүмкіндік болса жарақат алған адамға кез-келген аналитиктер беріледі.

 

Егер жарақаттанушы есінен танбаған болса және ішінде жарақат жоқ екендігіне көз жеткізген болса, оған су беруге болады.

 

 

Жарақат алған адамды қысқа уақыт аралығында білікті көмек көрсететін мамандарға тапсыру қажет. Жараланған жерге байланған жгутқа сағат нешеде байланғандығы бойынша белгі қою керек. Жаздың кезінде жгутты жарты сағаттан, ал қысқы мезгілде 1 сазаттан аспайтын уақытта алып тастау керек,-деп түсіндірді дәрігер Мансия Климовна.

 

 

Суреттерді түсірген «Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему