Өрт қауіпті кезеңде сақ болыңыздар!
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 00:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт қауіпті кезеңде сақ болыңыздар!

27 Мая 2018 (15:31) | 4295 | Автор: Нурганым Имашева

Адами факторлар табиғи өрттердің негізгі себептері болып табылады. Адамдар даладағы өткен жылдан қалған шөптерді жиі өртейді, қатты жел оттың ұшқындарын қалыптастырып, өрт орын алады.

 

 

Сонымен қатар, еліміздің аумағында күннің аптап ысуына байланысты дала өрттерінің орын алады. Көп жағдайларда дала өрттері адамдардың абайсыздығынан пайда болады.

 

 Көкке шыққан азаматтардың жаққан оттарын өшірмей кеткендіктерінен немесе көлік жүргізушілерінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, ашық алаңқайда қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағуы және т.б. салдардан пайда болады.

 

Сол себепті, осы кезеңде көкке шыққан азаматтардың далалы аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздігі қағидаларының шараларын сақтап, өте мұқият болуы қажет.

 

 

Ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ тұрғын үйлердің және басқа ғимараттардың аумағы тез жаңғыш қалдықтардан, жапырақ қалдықтарынан, құрғақ шөптерден және т.б. қоқыстардан тазалануы керек.

 

 Ашық өрт жағуға, қалдықтарды өртеуге тыйым салынады. Әрбір тұрғын үйлердің жанына су бөшкелерін және өрт сөндіргіштерді орналастыруға болады.

 

Жазғы мезгілде ата-аналар балаларға ерекше назар аударуы тиіс. Ата-аналар балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын түсіндіру керек. Өзініздің істеріңізбен балаларды өрт қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз!

 

 

Құрметті қала тұрғындары!

- Шөптер мен сабандарды жақпаңыздар.

- Бақылаусыз қоқыстарды өртемеңіздер және алау жақпаңыздар.

- Балаларға сіріңкемен ойнауға, шөптерді өртеуге рұқсат бермеңіздер.

- Оттың бір құрылыстан басқасына өтіп кетпеуі үшін, шаруашылық аулаларының, гараж кооперативтерінің аумақтарын құрғақ шөптерден және қоқыстардан тазартыңыздар.

- Жанған сіріңке мен темекі тұқылдарын лақтырмаңыздар.

- Күннің астында бөтелке немесе шыны сынықтарын қалдырмаңыздар.

- Құрғақ және желді ауа-райында алау жақпаңыздар, оларды сөндірусіз қалдырмаңыздар. Егерде сіз басталған өртті байқасаңыз, мысалы, кішкене өртенген шөп, оны өздігіңізден өшіруге тырысыңыз. Кейде жай ғана жалынды таптап тастау да жеткілікті (шындығында, шөптің бықсып жатпағандығына көз жеткізіп, күте тұру керек, әйтпесе от қайта жануы мүмкін).

 

 

Егерде от қатты жанса, оны өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, шамаңыз келгенше онымен айналысатындарға тезірек хабар беруге тырысыңыз. 101 және 112 телефондарына қоңырау шалып, байқаған жану ошағын және оған қалай бару керектігін хабарлаңыз.

 

Облыс тұрғындарына арналған өрт қауіпсіздігі туралыбұл ескертуді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы жолдаған.

 

Суреттер Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен және Отырар TV, Patrul.kz алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему