Жас инспекторлар Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаменті мұражайымен танысты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас инспекторлар Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаменті мұражайымен танысты

19 Мая 2018 (19:51) | 2238 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайын 18 мамырда мұражай қызметкерлері өзінің кәсіби мерекесін –«Халықаралық мұражай күнін» атап өтеді. Осы мерекенің қарсаңында Маңғыстау облысы Ішкі Істер Департаментімұражайы өзінің экспонаттарын қуанышпен көрсетіп, есігін айқара ашты.

 

 

Бұл күні мұражайға Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысының жас инспекторлары облыстық слетінің жеңімпаз атағына ие болған № 5 Мұнайлы орта мектебінің оқушылары келді.

 

Жас инспекторларды есіктің алдынан ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жариев Нағашыбай мен Кадр жұмысы Басқармасы бастығының орынбасары Садақбаев Мұхтар қарсы алды.

 

 

Шара ІІБ бірінші басшысы милиция полковнигі Брагин Иванның ескерткішіне тағзым етуден басталды, қонақтарға ІІБасқармасының  құрылу тарихы жайлы айтылды.

 

Әрі қарай балалар Ішкі Істер Департаментінің мұражайына бет алды, ІІД қызметкерлерінің күшімен жиналған сирек кездесетін құжаттармен, фотосуреттермен және нысандармен танысты.

 

Мұражайда қазақстандық батыр, «Халық қаһарманы» орденімен қаза тапқаннан соң марапатталған полиция капитаны Байтасов Ғазиз Әбдібекұлына арналған бөлек стенд бар.

 

Мұнда балаларға Ішкі Істер Органдарының алғашқы милиционерлері, ардагерлері туралы, қызмет борышын өтеу барысында өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірлерін қиған батырлардың ерліктері туралы әңгімеленді.

 

 

Сондай-ақ, жас инспекторлар жедел басқару орталығына барып, бүкіл қаланы бейнекамера арқылы қызметкерлердің қалай бақылап отырғанын өз көздерімен көрді.

 

Бұл ақжолтай жаңалықты біздің басылымға Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему