Неке құқығы негіздері
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Неке құқығы негіздері

18 Мая 2018 (12:24) | 6746 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Конституциясы неке және отбасының, ана, әке болудың және балалықтың мемлекет қорғауында болатынын анықтайды.

 

 

Көп жағдайларда отбасының және отбасылық құқықтық қатынастардың пайда болу негізін неке құрайды. Некенің заңды рәсімделуі оны азаматтық хал актілерін жазу органдарына тіркеуден тұрады.

 

Белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқытық салдарды тудырады. Некені тіркеу шарты некелесетін тұлғалардың өзара келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады.

 

Кез-келген отбасында ерлі-зайыптылардың арасында жеке және мүліктік қатынастар пайда болады. Ерлі-зайыптылардың бірлескен мүлік меншігінің заңмен белгіленген режимі некеге тұрғанға дейінгідей, сондай-ақ, неке шартын жасау жолымен неке кезінде кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін.

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының 39 бабына сай неке шарты деп некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.

 

Неке шартының мазмұны нақтылы шектермен шектелген. Ол ерлі-зайыптылардың құқықтық қабілеттілігін және әрекет ету қабілеттілігін, олардың некедегі тең құқықтылығы принципін шектей алмайды, ерлі-зайыптылар арасындағы жеке құқықтар мен міндеттерді, олардың балаларына қатысты құқықтар мен міндеттерді реттей алмайды.

 

Ерлі-зайыптылардың өмірінде неке ажырасумен тоқтатылады. Өкінішке орай, біздің елімізде ажырасу саны әлі де көп. Ажырасу жұбайлардың  арасындағы келешек уақытқа құқықтық қатынастарды тоқтататын заңды акт болып табылады.

 

Ажырасу мемлекеттің бақылауымен қойылған және тек мемлекеттік органдармен: АХАТ-пен және сотпен ғана іске асырылуы мүмкін. Жұбайлардың біреуі де, екеуі де некені бұзу туралы өтініш білдіре алады.

 

АХАТ органдарында ажырасуға келісім білдірген және жасы кәмелетке толмаған балалары бар жұбайлар арасындағы некелер бұзылады. Сонымен қатар, егер ерлі-зайыптылардың біреуін:

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;

4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

 

Сотта неке жұбайлардың екеуінің немесе біреуінің арызы бойынша бұзылады. Егер әйелі жүкті болса, сонымен қатар бала туылған соң бір жыл ішінде күйеуі әйелінің келісімінсіз ажырасу туралы талаппен сотқа баруға құқығы жоқ екенін ескеру керек. Бұл ереже бала дүниеге өлі келгенде немесе бір жылға дейін өмір сүрмегенде қолданылады.

 

 

Әйел ажырасу туралы мәселені сотта кез-келген жағдайда қоюға құқылы. Егер жұбайлардың әрі қарай бірлескен өмірі және отбасының сақталуы мүмкін емес болғаны сотпен анықталса, неке бұзылады.

 

Неке бұзылуы нәтижесінде некедегі жұбайлар арасында пайда болған жеке және мүліктік құқықтық қатынастар тоқтатылады. Неке бұзылуы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бұзылған болып саналады.

 

Сот тәртібінде, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

 

Неке бұзу туралы істер ортақ ереже бойынша, ашық сот мәжілісінде, бірақ жұбайлардың өтініші бойынша олардың өмірінің құпия жақтары сөз қозғалғанда, жабық мәжілісте қарастырылады.

 

Сот неке бұзумен бір уақытта жұбайлардың арасында пайда болған: ажырасқан соң балалар кіммен тұрады; балаларды асырауға қаржы төлеттіру туралы; ортақ бірлескен меншік болатын мүлікті бөлу туралы дауларды шешеді.

 

М. Джумаева Ақтау қалалық №2 сотының судьясы

 

Суреттер Zakon.kz, total.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему