Жаңашыл жүйені таныстыруға арналған басқосу
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңашыл жүйені таныстыруға арналған басқосу

17 Мая 2018 (10:20) | 1985 | Автор: Нурганым Имашева

«Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар орталықтарының жұмыс саласындағы жаңашыл жүйені таныстыру мақсатына арналған ашық форматтағы кездесу өтті.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов, басшының орынбасары М.Хажгереев, аймақтағы бірқатар танымал қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірдегі қалалық-аудандық жастар орталықтарының басшылары мен мамандары, сонымен қатар аймақтың жоғарғы және арнаулы оқу орындары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен кейбір ірі кәсіпорындардағы жастар кеңесінің төрағалары қатысты.

 

Алғаш болып басқосуда сөз алған Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов аймақтағы жастар саясатының жүзеге асырылуы барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бүгінде жастар арасында өтетін шаралар ашық алаңда, заман талабына сай, жаңа форматта ұйымдастырылатынына тоқталды.

 

Жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген жастар ресурстық орталығы – ақпараттық, консультативтік сүйемелдеу, жастардың бастамаларын қолдау және басқа да форматтар арқылы жастармен жұмыс жасауды тікелей жүзеге асырушы мемлекеттік ұйым екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 23 – бабының 1 – тармақшасына сәйкес жастар ресурстық орталықтары жастарды және жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылғанына тоқталды.

 

 

-Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 14 пен 29 жас аралығында 159 787 жас бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 25% пайызын, республика жастарының 4% пайызын құрайды. Қалаларда – 62 342, ауылдық жерлерде 97 445 жас тұрады.

 

Облыс бойынша студенттер саны – 28304, оның ішінде, өңірдегі 2 жоғары оқу орынында студенттер саны – 5593, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің саны – 21792, басқа өңірлерде оқитын студенттер саны – 1353, оның ішінде1039 жас «Серпін-2050: жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы білім алуда (2017 - 520жас, 2016 – 231жас, 2015 – 240 жас, 2014 – 48 жас оқуға түсті). Мектептердегі 9-11 сыныптағы оқушылар саны – 20123, жұмыспен қамтылған жастар саны – 59016, өз-өзін қамтығандар – 1411, жұмыссыз жастар саны – 2554.

 

Өңірде 30 жастар ұйымдары белсенді қызмет атқарады. Барлық жоғары және техникалық және кәсіптік оқу орындарында – 28 жастар ісі жөніндегі Комитеттер, өндірістік мекемеде жастармен жұмыс жасайтын 29 ұйымдар мен комитеттер қызмет атқарады.

 

 

Облыста 114 депутат бар, оның 6-уы жастар (5,2% пайыз).

 

(Жас депутаттар Бейнеу аудандық мәслихатында – 3, Қарақия аудандық маслихатында – 1, Мұнайлы аудандық маслихатында – 1, Жаңаөзен қалалық мәслихатында – 1)

 

Қазіргі уақытта облысымызда 8, яғни 1 - облыстық, 2 - қалалық және 5 - аудандық  жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталықтарында барлығы 147 қызметкер жұмыс жасайды, ал оның 76 – сы  жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың саны,- деп атап өтті Досан Жеткізгенұлы.

 

2017 жыл бойынша Маңғыстаудағы жастар ресурстық орталықтарының тиімділігі бойынша республика көлемінде 9 орында екенін тілге тиек еткен Орталық басшысы, оның негізгі себебі ретінде өңіріміздегі жастар ресурстық орталықтар жұмысында жүйелілік жоқ екендігінен атап өтіп, басты кемшіліктерді тізбелей келе, алдағы уақытта осы олқылықтарды түзету бағытында қолға алынатын шаралар, жоспарлар, жобалармен таныстырды.

 

 

-Орын алған түсініспеушіліктер мен кемшіліктерді негізге ала отырып, жылдың басынан тиімділік, ашықтық, есеп берушілік пен жауапкершілік принциптерінен құрылған жобалық - мақсаттық жұмыс форматына көштік.

 

Нәтижесінде, 2018 жылы жастар ресурстық орталығы Маңғыстау жастарының қажеттіліктеріне сәйкес 6 жобаны жүзеге асыруды қолға алды.

 

Өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша оқудан өткен жастардың үлес санын арттыру мақсатында «Болашаққа сеніммен» жобасын, жеке консультация алған жастардың үлес санын арттыру мақсатында «Кеңес алаңы» жобасын, жастар ресурстық орталығының қызметіне тұрақты түрде қатысатын осал топтағы жастардың  үлесін арттыру мақсатында «Еріктілер корпусы» жобасын, жастар орталықтарының қызметі туралы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында имидждік «Лекториум», «Jastar Books», «Кәсіби бағдар» жобаларын жүзеге асыруды бастадық,-деп мәлімдеген Орталық директоры Досан Жеткізгенұлы облыстық жастар ресурстық орталығында бүгінде жүзеге асырылып жатқан 6 жобаның әрқайсына тоқталып, олардың мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелерімен толықтай таныстырды. 

 

Шара барысында бірқатар жоғарғы және арнаулы оқу орындары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жастар тәрбиесіне және аймақтағы жастар саясатын жүзеге асыру ісіне қосқан үлестері үшін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының Ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему