Маңғыстауда облыстық сот пен наториус, банк арасында меморандумға қол қойылды
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 00:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда облыстық сот пен наториус, банк арасында меморандумға қол қойылды

15 Мая 2018 (09:44) | 1487 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасының істі қарау тараптар үшін қолайлы әрі татуластыруға бағытталып және жаңа технологияларды қолдана отырып, сот төрелігін жүзеге асыру қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес, республика соттарында татуластыру шараларын кеңінен қолдануға, яғни  әрбір азаматқа сотқа дейін де, сотта да татуласу үшін жан-жақты жағдай жасалуда.

 

 

Осы орайда Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов жергілікті екінші деңгейлі банк басшыларын дауларды шешуде  медиацияны қолдануды кеңейту жұмысына атсалысуға шақырып келеді.   

 

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен осы мақсатта облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов бастаған судьялар қауымдастығы Маңғыстау облысы аумақтық Нотариаттық палатасының төрағасы Рахат Туребаевамен және «Fortebank» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, екінші деңгейлі банктер қауымдастығының төрағасы Аббат Урисбаевпен кездесті.

 

 

Басқосудың негізгі мәні – қоғамда саны артып отырған банктік дауларды сотқа дейін реттеудің тетіктерін қарастыруға, банктердің даусыз талаптар бойынша сотқа дейін нотариусқа жүгінуін жолға қою мәселелерін талқылауға арналды.

 

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев Маңғыстау облысында азаматтық істер саны соңғы уақытта екі есеге көбейіп кеткенін, соның ішінде істердің 60 пайызы  банктік келісім шарттарға байланысты екенін атап айтты. Осы орайда дау мәні жоқ істердің де сот арқылы шешілетіні статистиканы ұлғайтып отырғанын тілге тиек етті.  

 

«Нотариат  туралы» ҚР Заңы талабына сай нотариустерге дауды сотқа  дейін  реттеу құқығы,  оның  ішінде  атқарушылық  жазба  жасақтау құқығы  берілген. Нотариус саласында ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесі бар Рахат Туребаева даусыз   талаптар  бойынша  атқарушылық  жазба арқылы  дауды  шешудің тез әрі ұтымды екенін атап айтты.

 

Өз кезегінде сөз алған Аббат Урисбаев:

-Азаматтардың құқықтық-қаржылық сауаттылығы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында банктік келісім шарттар бойынша сотқа жүгінуші азаматтар қатары артуда. Қазіргі жағдайда соттармен бірге екінші деңгейлі банктер де көптеген шығын мен жүктемеге тап болуда. Осы орайда облыстық сот төрағасы Жақсылық Рзабекұлының бірқатар банктік дауларды сотқа жеткізбей, медиация арқылы шешу туралы тиімді ұсынысын қуана қолдаймыз, - деді.

 

 

Қатысушылар жиын соңында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейтіп, қоғамда дауды азайту мақсатында, халықаралық қауымдастықта бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, заңның әділ төрелігін, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету негізінде өз ұстанымдарын сақтай отырып, өзара ынтымақтастық жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды. Қатысушылар меморандум аясында тиімді жұмыс жүргізуге жол ашқандарын, алдағы уақытта клиенттермен көп жұмыс жасайтын өзге де екінші деңгейлі банктерге үлгі көрсететіндерін айтты.

 

-Аталған меморандум аясында азаматтық даулардың саны азайып, соттардың жүктемесі төмендер болса, дауласушы тараптар сотқа жүгінбестен бұрын, бітімгерлік келісіммен өз дауларын шешіп жатса, ынтымақты жұмыстың басты жемісі сол болмақ.

 

 

Іс-шара барысында азаматтық және қылмыстық-құқықтық дауларды шешуге бітімгерлік рәсімдерін белсенді енгізуге, дауларды баламалы шешу жүйесін нығайтуға, соттан тыс медиация институтын жетілдіруге байланысты оң  пікірлер айтылды, жаңа құқықтық институтты одан әрі дамыту жөнінде тиімді ұсыныстар берілді. 

 

Бекітілген келісім ынтымақтастық аясында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге, судьялардың аса күрделі істерді зерделеуіне, соттардың күрделі емес істер бойынша жүктемесін төмендетуге септігін тигізеді деп күтілуде,-делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен біздің басылымға жолданған хабарламада.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему