Бала арманына жеткен жан
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала арманына жеткен жан

13 Мая 2018 (15:32) | 1898 | Автор: Нурганым Имашева

Бала  жастан  дәрігерлік  мамандықты  таңдап, мемлекеттің ең басты байлығы – тұрғындардың  денсаулығын сақтау және жақсарту саласында ұзақ жылдардан бері тер төгіп келе жатқан маңғыстаулық медицина қызметкерлердің  қатарында  Аугумбаева  Светлана  Жаулыбаева да бар.

 

 

 1965  жылы  Атырау  облысы,  Құлсары  қаласында  дүниеге келген  Светлана  кішкенесінен  ақ халат   киіп, адамдардың  денсаулығын  қадағалап,  тән дертіне шипа іздеуші болуды  армандаған.

 

Бала Светланаға дәрігерлер – әлемдегі ең мейірімді де маңызды  мамандық  иелері  болып  көрінетін.  Науқас   адамдарға  қөмек беріп, тәндерін сыздатқан сырқаттарына  ем  жасауды  алдына мақсат етіп қойған ол 1986 жылы Гурьев қаласындағы медучилищеге түседі.

 

Кішкентай  кезімде  үлкендердің сырқаттанып қалғанын көргенде қатты қиналатын едім. Жандарына жалау болып, көмектескім келе беретін. Өсе келе, өзімнің медицина қызметкері болғым келетінін түсіндім.  Арманға  қол жеткізу әрине, оңай емес. Бірақ, білім мен еңбек  арқылы  өмірде  армандарға жетуге болады,- дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының ангиолаборатория бөлімінің мейірбикесі Светлана Аугумбаева.

 

 

Оқу орнын жоғары үлгеріммен тәмамдаған жас медбике жолдамамен кәрі Каспийдің жағасына жайғасқан Маңғыстау облысына келеді. Кеудесі -жалынға,  жанары - жігерге, тұла  бойы - күшке толы Светлана Жаулыбайқызының еңбек жолы Маңғыстаудың ең басты медицина орталығы - облыстық ауруханада басталады.

 

Жас маман аурухана қабырғасында  өмір мен өлім арасында шарасыз күй кешкен сырқат жандарды  кезіктіріп,  талай рет олардың  ауруларына шипа  табу үшін күреске түседі. Мұндай көңілсіз сәттер жас мейірбикенің кәсіби қабілетін шыңдап,  шеберлігін  арттырады.

 

Мейірбике - менің  сүйікті мамандығым. Қиындығы көп, жауапкершілігі  жоғары.  Аурухананың  әр  түрлі  бөлімшелерінде  1986-1988  жылдары  кардиология,  1988-2004  жылдары ота, 2004-2011 жылдары ревматология  бөлімінде қызмет атқардым,-дейді Светлана Аугумбаева.

 

 

Жоғары  санатты  медбике  Светлана  Жаулыбайқызы  2011  жылдан  бері Маңғыстау облыстық ауруханасының ангиолаборатория бөлімінде рентгенолаборант  қызмет  етіп  келеді. 

 

Ұзақ  жылдарғы  еңбегі еленіп, 2014 жылы Астана  қаласында   өткен  республикалық «Үздік  маман» байқауында жүлделі орынға  ие  болады. 2016 жылдан бері емдеу орнындағы  кәсіподақтың мүшесі. Светлана Аугумбаева негізгі қызметтен бос уақытында қоғамдық шараларға  белсене араласады. Кәсіподақ мүшесі ретінде көпшілік шараларға атсалысып, көптеген бастамаларға ұйытқы болып жүр.

 

Бала арманына жылдар тізбегінде зор еңбегімен, адал қызметімен  жеткен Светлана Жаулыбайқызы еліміздің медицина саласында бүгінде оң өзгерістер мен жаңашыл реформалардың жүзеге асырылып жатқанына қуанады. Дегенмен, өңірімізде оң шешімін табуын күткен  мәселелер де  жетерлік. 

 

Анар Шамшадинова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі     

 

Суреттер Kapital.kz, BigNews.kz, ukmed.kz сайттарынан алынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему