Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 20:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

5 Мая 2018 (09:31) | 1918 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 

 

Кеңес отырысына тәртіптік жауапкершіліктері қаралатын тұлғалар, есебі тыңдалатын мемлекеттік орган басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Төрайым мәжіліс басында Әдеп жөніндегі кеңестің құрамына Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Бақыт Жұманазарұлы Ұлықбанов және Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «ForteBank» АҚ Ақтау қаласындағы филиалының директоры – Аббат Жангирханович Урисбаев  енгізілгенін атап өтті.

 

Күн тәртібінде барлығы 7 мәселе қаралды, оның 5-і тәртіптік істер. Олар, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Т.Жумалиевке, Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Джантлеуоваға, Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Кенған мен осы бөлімнің бас маманы А.Джузбаеваға, Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Құлдашовқа қатыстытәртіптік істер.

 

Соның ішінде, Бөлім басшысы Р.Джантлеуоваға қатысты тәртіптік іс Агенттік арқылы келіп түскен жеке азаматтың 14.03.2018ж. өтініші негізінде қозғалған.

 

Өтініште Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі мен жеке кәсіпкер арасындағы ғимаратты жалға алу келісім шартының мекеме тарапынан біржақты заңсыз бұзылуы, осылайша кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкелгендігіне байланысты мекеме басшысын жауапкершілікке тарту сұралған.

 

Мекеме басшысы келісім шарттың біржақты бұзылуын шарттың веб порталға енбей қалуымен түсіндіреді. Алайда, 31.01.2018ж. соттың шешіміне сәйкес, келісім шарттың веб порталға енбей қалуы оның күшін біржақты жоюға негіз болып табылмайды. Мәжіліс барысында мекеме басшысы Р.Джантлеуова кеткен қателіктерді мойындайтынын және алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермейтінін ескертті.

 

 

Осыған орай, оған «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

 

Керісінше, кеңес мүшелері Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Джузбаеваның тарапынан заңды тұлғаның өтінішін қарау барысында заңбұзушылықтарға жол берілмеген деп тауып, оған қатысты тәртіптік іс өндірісін тоқтатты.

 

Ал, Бөлім басшылары Т.Жумалиев пен Ж.Құлдашовтың тарапынан құзырлы органдардың актілерімен келіспей сот органдарына талап арызбен жүгінуіне және Е.Кенған уақытша еңбекке жарамсыздығында болуына байланысты оларға қатысты тәртіптік істерді қарау кейінге қалдырылды.

 

Агенттік соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, олардың  қызметтегі әдептілік деңгейін көтеруге, сонымен бірге олардың әлеуметтік, құқықтық қорғалуына көп көңіл бөліп келеді. Бұл кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудан туындайтын мәселе.

 

Аумақтық департаменттің бұл бағытта жүргізген талдау нәтижелері осы кеңесте талқыланып, жергілікті атқарушы органдардағы аппарат басшыларының есептері тыңдалды.

 

Әсіресе кеңес мүшелері талдау жұмыстары кезінде анықталғандай, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін де әртүрлі себептермен жұмыста отыруы, кей жағдайда басшылық тарапынан этикалық нормалардың сақталмайтындығы, лауазымдық міндеттерден тыс тапсырмалар берілетіндігі, қызметшілердің қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан мерзімінде өтпейтіндігі баса айтылды.

 

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағынан қорғалуы, соның ішінде кезектілікке сәйкес тұрғын үй мен жеке жер участкелерімен қамтамасыз етілуі де кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмады.Нәтижесінде мекеме басшыларына орындалуға жататын бірқатар ұсыныстар енгізілетін болды.

 

Аталған бағыттағы талдау жұмыстары аумақтық департамент тарапынан жалғасын таппақ.

 

Келесі, мәжілісте талқыланған мәселелердің бірі департаменттің жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлық профилактикасы шеңберінде жасалған мониторинг қорытындысы болды.

 

Кеңес мүшелері мониторинг қорытындысын және осы мәселеге қатысты шақырылған мекеме басшыларының есебін тыңдай келе, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бақылауды күшейту және осы бағыттағы тиісті шараларды тұрақты негізде жүргізіп отыру қажеттігі ұсынылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Департаменттің баспасөз қызметі  хабарлады.

 

Суретті түсірген Департаменттің баспасөзқызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему