Ақтауда ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін волейболдан турнир басталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін волейболдан турнир басталды

27 Апреля 2018 (10:26) | 2057 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін 26 сәуірде«Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы жүлдесіне арналған облыстың кәсіподақ ұйымдары арасында волейболдан турнир бастау алды.

 

 

Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының ұйымдастыруымен басталған дүбірлі доданың ашылу салтанатына Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов, облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қ.Жанабеков және аймақтың кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 

Жарысқа қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеген Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов спортты жанына серік еткен жұмысшы жастарға жарыста жеңіс тілеп, ізгі тілектерін арнады.

 

 

Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы жүлдесіне арналған облыс кәсіподақтар ұйымы арасындағы волейбол турниріне 13 команда қатысуда.  Олар өңірдегі барлық ірі өндіріс мекемелерінен және облыстық денсаулық сақтау, білім беру саласының жұмысшы жастарынан құрылған топтар.

 

Жарысқа қатысушы командаларды турнирдің ашылуымен құттықтаған облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Құттыбайұлы Жанабеков спортшыларға сәтті ойын, жеңіс тілеп, турнирді ашық деп жариялады.

 

 

-Бүгінгі басталған ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін волейболдан турнирдің мақсаты - қоғамда бұқаралық спортты дамыту, өзіміздің кәсіподақ мүшелерін спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

 

Бұл жарыс айтулы дата - Маңғыстау кәсіподағының құрылғанына биыл 45 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа өңірдегі іргелі кәсіпорындардың және салалық білім беру мекемелерінің, Ш.Есенов атындағы КМТжИ университетінің командалары белсене қатысуда.

 

Мұндай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Кубогы үшін облыстық Кәсіподақ Орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылатын облыстық деңгейдегі бәсекелер аймақта дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді.

 

Биыл үшінші жылы өтіп жатқан волейбол турнирінің алғашқы екі жылында қатарынан «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның командасы жеңімпаз атанған болатын.

 

 

Командалар құрамында қарапайым жұмысшылар ойнайды. Турнир екі күнге созылады, бүгін іріктеу ойындары, ертең финалдық ойындар өтеді.

 

Жалпы, алдағы жоспарымыз бойынша облыстық спартакиаданы өткізіп, келешекте мұндай турнирге деген қызығушылықты арттыру үшін оны республикалық жарыс деңгейіне жеткізу ойымызда бар,- дейді Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков.

 

Қайрат Құттыбайұлының мәлімдеуінше, «Турнирдің жүлде қоры мынадай: жарыста жеңімпаз атанған командаға (І орынға) - 200 000 теңге, ІІ орынды жеңіп алған командаға -150 мың теңге, ал ІІІ орын үшін – 50 мың теңге жүлде берілетін болады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» және т.б. арнайы жүлделері тағайындалған».

 

 

Кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар қанатының төрағасы Оралов Данияр:

-Бүгінгіволейболдан турнир қарапайым жұмысшы жастар арасында өткізіліп отырған турнир. Оның басты мақсаты – жұмысшылар арасында кәсіподақ қозғалысын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастарды кәсіподаққа бетбұруға ынталандыру, белсенді жастарды Кәсіподақтың шараларына қатыстыру. Жастарды спорттық және қайырымдылық шараларға көптеп қатысып, белсенді болуға баулу, олардың бойындағы түрлі қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

 

Өзім 2008 жылдан бері кәсіподақтамын. Айналамдағы, өзім қызмет ететін мекемедегі жастардың жұмыстан тыс уақытында пайдалы іспен айналысып, белсенді болуына әсер етуе тырысамын,- деген ойымен бөлісті.

 

Жарыстың өту деңгейі туралы пікірін білдірген «Қаражанбасмұнай» АҚ командасының капитаны Жайлаубаев Бекзат: «Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Әр топ тыңғылықты дайындалған. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл жарысқа жыл сайын қатысатын команда былтырғы жылы үшінші жүлделі орынды иеленіпті. Биылғы турнирде «Бұйырғаны болады, жеңістен дәмеліміз»,- дейді.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему