Ең үздік стартапқа 300 мың теңге берілді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ең үздік стартапқа 300 мың теңге берілді

23 Апреля 2018 (16:50) | 2045 | Автор: Нурганым Имашева

Сәуірдің 21-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Caspian Start-Up 2018» стартаптар байқауының ақтық кезеңі өтті. Аталған байқау аясында іріктелген 20 стартап жобаның ішіндегі ең үздіктері анықталып, демеушілер және кәсіпкерлер тағайындаған жалпы көлемі 1 миллион 540 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды.

 

 

Стартаптар байқауының финалына Маңғыстау облысының аудандарынан, Атырау облысынан, тіпті Астана қаласынан оқушылар мен студенттер қатысты. Олар кәсіпкерлер мен стартап сайыстардың жеңімпаздарынан құралған тәуелсіз қазылар алқасының алдында бастағысы келетін стартап туралы бес минут көлемінде айтып беріп, бизнес-жоспарын түсіндірді.

 

Жарыс нәтижесінде Маңғыстаудағы Түйесу жерінен сафари жасауды ұсынған Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дана Ақуал бас жүлдеге лайық деп танылып, 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

 

 

 Ал, екінші орын ерікті қан тапсырушылар базасын жасақтауды ұсынған Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Қуаныш Аманғалиға бұйырды.

 

 Оған «Forte bank» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы мен «MKS Logistics» ЖШС атынан 250 мың теңге берілді.

 

 Үшінші орынға тігілген 200 мың теңге Бейнеу лицейінен келген Лауахаев Нұр, Аягузов Ғалымжан және Бекзат Салиевке берілді. Мектеп оқушылары асық ойынынан әйгілі монополия ойынын жасауды ұсынған болатын.

 

 Стартаптар байқауына жобаларын алып келген жастардың бизнес бастауға деген құштарлығы қуантады. Бүгінгі келген жобалардың ішінде жүзеге асыруға болатындары бар. Алдағы уақытта бұдан да мықты стартаптарды күтеміз, - деді қазылар алқасының мұшесі, кәсіпкер, «Mediana Service Limited» IT-компаниясының техникалық директоры Өмірбек Құрбанбаев. 

 

Маңғыстау облысындағы жастардың стартап жобаларды қолға алып, оларды жүзеге асыруға ынталандыру мақсатында облыс кәсіпкерлері белсенділік танытты.

 

Жарыс қорытындысында байқаудың бас демеушілері «Forte bank» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы мен «MKS Logistics» ЖШС 8 қатысушыға 30 мың теңгеден сыйақы берсе, «Евровояж -Ақтау» авиатурагенттігі және «Сәулет Компани ЛТД» құрылыс компаниясынан 500 мың теңге көлеміндегі қаржылық сыйақы 4 жобаға берілді.

 

Сонымен қатар, Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалының көмегімен және облыстағы кәсіпкерлердің шешімімен «Caspian Start-Up 2018» стартаптар байқауының финалындағы 4 жоба қаржыландырылатын (инвестиция құйылады) болып шешілді.

 

 

Оқушылар мен колледж студенттеріне арналып өткізіліп отырған тұңғыш стартаптар байқауын Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Маңғыстау облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

 

Байқаудың басты мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында жаңа жобаларды таныстыру алаңын құру, инновациялық бірлестіктің әлеуетін көрсетіп, оны қолдау.

 

Айта кетейік, оқушылар мен колледж студенттерінің арасында тұңғыш рет өткен сайыс  үш кезеңнен тұрды.

 

Жобаға қатысушы ең алдымен бастағысы келетін бизнес туралы екі минуттық видео түсіріп, жобаның маңыздылығы, сұранысы, тиімділігі туралы презентация дайындап, caspianstartup.kz сайтына  7-сәуірге дейін тіркелді.

 

 Ал 14 –сәуір күні байқаудың қазылар алқасы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келген жобалардың ішінен ең үздік 20 жобаны таңдап алып, ақтық кезеңге жолдады. Іріктеуден өткен қатысушылар 21-сәуірде бизнес-жобаларын кәсіпкерлер мен қазылар алқасының алдында қорғады. Байқаудың жеңімпазына - 300 мың теңге берілді. Ал, ІІ орынға - 250 мың, ІІІ орынға - 200 мың теңге қарастырылған.

 

 

Стартап жобалар байқауының бас демеушісі «Forte bank» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалы мен «MKS Logistics» ЖШС.

 

 Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалы, «Mediana» ІТ-компаниясы, «Жас Отан» жастар партиясы, «Mangystau» телеарнасы және «Inaktau.kz» қалалық ақпараттық порталы байқау серіктестері қатарынан көрінді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему