Қылмысын қайталап, темір торға тоғытылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 02:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмысын қайталап, темір торға тоғытылды

23 Апреля 2018 (16:35) | 1842 | Автор: Нурганым Имашева

Cотталушы Е., 2017 жылдың қыркүйегінде азаматша О.-ның Ақтау қаласынан арзан бағамен пәтер сатып алғысы келетіні жайлы естіп, оған 3 000 000 теңге сыйақыға «ФортеБанк» филиалының ипотекалық кредиторларынан борышының өтелмеуі себепті банктің сатылымға қойылған пәтерлерінен арзан бағаға үй алып беруді ұсынған.

 

 

Cотталушы Е., О.- ға Ақтау қаласының 28-шi шағынауданындағы №3 үйінен бірінші қабаттан  үш бөлмелі пәтерді алып беруге уәде береді. О.-ның сеніміне кіріп, оны 16 шағындаудағы «Ақтау» ойын-сауық орталығына шақырады. Сол жерде оны алдап-арбап, 3 000 000 теңге ақшасын алып, өз уәдесін орындамай, ақшасын қайтармай, бой тасалаған.

 

Сот, сотталушы Е.-ның мінездемесін, жасаған қылмысының ауырлығын, бұрынғы жасаған қылмыстарынан тиісті нәтиже шығармағанын  ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1/-тармағымен кінәлі деп танып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, қауіпті қылмыстың танылуына байланысты, қоғамнан шектетіп жаза тағайындауды дұрыс деп тапқан.

 

 

ҚР-сы ҚК-нің 46 бабы 5 бөлігінің 2/ тармағына сай, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде  өтеу тағайындалды.

 

ҚР-сы ҚК-нің 63 бабы 6 бөлігіне сай, қылмыстардың қайталануы кезінде қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.

 

Жоғарыдағылар негізінде, ҚР-сы ҚПК-нің 382,387-390, 392, 393, 395-398, 401-402  баптарын басшылыққа алып, сот Е. - ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3- бөлігінің 1/- тармағымен кінәлі деп танып, оны 3 /үш/ жылға бас бостандығынан айырып, оның қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде  өтеуді белгіледі.

 

Е.-ға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы» қолхатын бұзып, сот залынан қамауға алынды, -деп мәлімдеді сотта істі қарағанАқтау қалалық сотының судьясы Г.Байтұрова.

 

Сурет tengrinews.kz, voxpopuli.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему