Маңғыстау облыстық сотының төрағасы жас мамандармен кездесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 09:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы жас мамандармен кездесті

22 Апреля 2018 (20:00) | 2267 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов алыс-жақын аудандық, қалалық соттарда қызмет атқаратын мамандармен кездесіп, судьялыққа үміткер мамандарға қызмет бабы бойынша заң аясында көмектесу жолдары туралы еркін әңгіме жүргізді.

 

 

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, кадр резервінің төрағасы Наталья Комарова, судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуінің үйлестірушісі Гүлажар Бақытжанова, сот әдебі жөніндегі комиссия төрағасы Хамида Каженова, соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев пен бөлім басшылары қатысты.

 

Кездесуде судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту және оларға қойылатын талаптар, судьялылыққа кандидаттарды сот әдебі жөндегі кодекспен таныстырып, өмірлік қағидат ретінде ұстануды насихаттау, соттар әкімшілерінің кадр қызметтері меритокаратия қағидатын іске асыру үшін сот мамандарына тиісті жағдай жасау атты мәселелер талқыға түсті.

 

Сот саласына жұмысқа орналасқан әрбір жалындаған жастың басты арманы - судья болу екендігі белгілі. Ал, осы судьялыққа кандидаттар үшін тастай тәртіп пен талап көзделген.

 

Бүгінде соттардың алдында тұрған басты мәселе де болашақ судьяларды дайындауды жетілдіру, шыңдау болып отыр. Бұл жөнінде Ж.Аланов егжей-тегжейлі айтып өтті.

 

 

-Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандығы десек, оларды қорғайтын бірден-бір құзырлы орган – сот жүйесі.

 

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында судьялылыққа кандидаттарға қойылатын талап әбден күшейді.

 

Шын мәнінде кезең-кезеңнен тұратын талаптан сүрінбей өткен болашақ судьялар ғана сот саласына кездейсоқ келмегендерін, білімі мен тәжірибесі жеткілікті екендігін дәлелдеуі құптарлық, - деді сот төрағасы.

 

 «Осы орайда кемінде 5 жыл сот мәжілісінің хатшысы болған мамандар судьялыққа кандидат бола алады. Соттар әкімшісінің басқа бөлімдерінде қызмет атқаратын мамандар судьялыққа ниет білдірсе, оларды қызмет өтілі 5 жылдан асқан сот отырысының хатшыларымен ауыстыру қажет», - деп сот төрағасы Соттар әкімшісінің басшысы мен персоналды басқару бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырма берді.

 

Одан әрі облыстық соттың судьясы Гүлажар Бақытжанова судьялыққа үміткерлер 30 жастан қабылданатынын айтып, болашақ судьялар үшін сот ісін жүргізумен байланысты бесжылдық жұмыс өтілі болуы қажеттігін, олардың бір жылдық тағылымдамадан өтететінін, оларға шәкіртақы да төленетіндігін, тағайындалған соң жас судьяларды бір жылдық сынақ мерзімі күтетіндігін қызметкерлерге түсіндірді.

 

 Судья қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша 2 судьялыққа кандидат бір жылдық іс тәжірибеден өтіп жүргенін, 2 маман Сот төрелігі академиясында білім алып жүргенін және биылғы жылы судьялыққа кандидаттарға Маңғыстау облысы бойынша үш орын бөлінгені туралы айтып, еңбек өтілі сай келіп тұрған мамандарды судьялыққа емтихан тапсыру үшін бақтарын сынап көруге шақырды.

 

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 69 сот отырысының хатшылары бар. Олардың 44-і судья болуға ниет білдіріп отыр.

 

Осы жиын барысында судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды жетілдіре түсу, 5 жылдық сот отырысының хатшысы қызмет өтілін 3 жылға қысқарту, судьялыққа кандидаттардың бір жылдық іс тәжірибесін 6 айға қысқарту секілді ұсыныс тілектер айтылды.

 

Облыстық соттың төрағасы болашақ судьяларға бағыт-бағдар беріп, өзінің еңбек жолымен, іс тәжірибесімен бөлісіп, көптеген сұрақтарға толыққанды жауап берді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему