Қос елдің өнерпаздары сахна төрінде бірігіп достықты жырлады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос елдің өнерпаздары сахна төрінде бірігіп достықты жырлады

22 Апреля 2018 (19:10) | 2586 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Түркменстанның Балқан уәлаятындағы мәдени күндері аясында өлке өнер шеберлері мен Түркменстан Республикасының өнерпаздарының біріккен концерті өтті.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Маңғыстау облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы 2017 жылғы 18-19 сәуірде Түркменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының  қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаяты арасындағы байланысты нығайтуға негізделген өзара достық, ынтымақтастық сапарына арналған өлке шеберлерінің, көрші түркмен елінің өнерпаздарымен біріккен концерті ұйымдастырылды.

 

Сапар барысындағы кездесу кеші кезінде Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов пен Балқан велаяты әкімдері сөз сөйлеп, екі ел арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайта түсуге шақырды.

 

 

Кештің көрермендері арасында өлкемізден барған делегация өкілдері, облыстық әкімшілік, мәдениет басқармасы өкілдері, кәсіпкерлер және облыстық мәслихаттың депутаттары болды.

 

Концерттік бағдарламада діні бір, тілі туыс түркмен мен қазақ елінің әндері орындалды. «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен би тобы «Жайлауда» биін биледі.

 

Түркмен композиторы Р.Реджеповтың «Саңа» әнін  Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы Сәбит Шектібаев пен түркмен әншісі Алдоза Палтаева орындады.

 

Ш.Қалдаяқовтың «Сәлем, Қазақстан» әнін «Мәдениет саласының үздіктері» Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Ақтанның термесін «Жас қанат» республикалық байқауының бас жүлдегері Аида Байгелова орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл- күй сыйлады .

 

 

Сондай- ақ, бауырлас екі елдің арасындағы достықтың алтын көпірінің тіреуі – мәдениет күндерінде қазақ пен түркмен әншілері бірігіп ән шырқап, бауырлас, түбіміз бір түркі елдерінің ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын жырлады.

 

«Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде би тобы орындаған қазақтың «Шалқыма», «Шолпы» билері, «Арна» тобы түркменнің «Гөзел» әнін, «Dagdan” түркмен фольклорлық би тобы бірігіп орындады.

 

Екі ел өнерпаздары бірігіп өткізген концертте түркмен халқының халық биі “Куйштепті” биін түркмен-қазақ бишілері қосылып билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен ҚР мәдениет қайраткері Жоламан Көшкінов пен өлкеміздің өнерпаздары концерттік кешті аяқтады .

 

 

Мерекелік концерт соңында салтанатты түрде Маңғыстау өнерпаздарына ықылас гүлі табысталды .

 - Кештің мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында  айтылғандай, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру, екі ел арасындағы достықты, ынтымақтастықты , мәдениетті дамытуға атсалысу, қазақ өнері мен музыкасын әлемдік деңгейде насихаттау, дәстүрлі халық ән-билері мен замануи өнерді дәріптеу.

 

Осы сапарға өлкемізден 120 адам қатысса, оның ішінде 30 адам - мәдениет саласының қызметкерлері болды.

 

Екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға арналған мерекелік концертті 520 - дай көрермен тамашалады,- деп мәлімдеді М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Бекбол Базарбаев.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық филармониясының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему