Бітімгершілік бар жерде татулық орнайды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 05:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімгершілік бар жерде татулық орнайды

22 Апреля 2018 (17:39) | 3876 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақ халқының ең бай құндылықтарының бірі – билер соты. Дала сотының билігінің мықтылығы сонша, ешбір ұлт та билер биліктен жоғары тұрмаған, билердің айтқанын биліктің айтқанындай орындамаған.

 

 

Бұрынғы билер соты бүгінгі сот төрелігінің негізін қалады. Дала соты дауды бір жаққа емес, екі жаққа тең бөліп, тараптарды келісімге келтіріп, шығын орнын тиімді жолмен толтырып, дауды бітімгерлікпен шешу жолдарын ұстанды.

 

 «Қазақта қыз мұраты – кету, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту» деген мақал бар. Мұндағы «біту» сөзі – бітістіру, татуластыру, бітімгершілік дегенді білдіреді.

 

Бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларында соттарға қойылған тапсырмаларын орындау үшін халықтың еңбек және басқа да дауларды татуласу тәртібімен шешу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттер қызу түрде жүргізілуде.

 

Дауларды татуласу рәсімдері арқылы шешудің тиімділігі айқын. Алайда азаматтар бітімгершілік рәсімінің күшіне сене бермейді. Осы орайда  атқарылған еңбек нәтижесіне қарап, бітімгершілікті насихаттау бойынша жұмыстар әлі де жетілдіруді қажет ететіні байқалуда.

 

 

Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асанов жыл басынан сот билігінің тізгінін қолына алысымен атқарылған істерге баға беріп, алдағы бағыт-бағдарды нақтылау үшін жаңа жобалар ұсына бастады.

 

Ең алдымен көзге түскені – сотқа түскен істер санының артып отырғаны жөнінде талдау жасап, нәтижесі бойынша татуласу жобасын құруға үлкен мән берді.

 

Сәуір айының басында БАҚ арқылы жариялаған кезекті үндеуінде: «Бізде даулардың көптігінен судьялардың жүктемесі жылдан-жылға артуда. 2013 жылы соттарда 1,25 млн. іс қаралса, 2017 жылы – 2,6 млн., яғни екі еседен асқан.

 

Бұл жағдай соттардың жұмыс сапасына, істерді қарау мерзіміне әсерін тигізуде. Сондықтан, қазіргі кезде әрбір азаматқа сотқа дейін де, соттың өзінде де татуласуы үшін жан-жақты жағдай жасап жатырмыз», - дей келе, халықты жылдар бойы соттасудың орнына келісімге келуге шақырды.

 

Республика соттары «Сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттар портфелі» негізінде «Татуласу. Сотқа дейін. Сотта» деп аталатын жоба бойынша жұмысқа кірісіп кетті.

 

Бұл жобаны жасақтауға медиаторларлар мен адвокаттар дауларды сотсыз шешуге біріге отырып, ынта танытпайтындары, азаматтардың даулы мәселелерін шешуге арналған қызмет көрсететін орталықтардың жоқтығы, адамдардың келісімге келу әдістерін білмеуі себеп болды.

 

Бүгінде соттардың жанынан «Сотсыз татуласу орталығы» құрылып, ондамедиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушылары бір жерде отырып, азаматтарға кеңес беру, даулардың категориясын анықтау, медиаторды таңдау, бітімге келтіру секілді жұмыстарды атқармақ.  

 

Медиация – даулы мәселелердің соттан тыс, бейтарап, даудың шешілуінде қызығушылығы жоқ үшінші тарап медиатордың қатысуымен шешілетін-ді.

 

 

Медиация рәсімі кезінде дауға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, дербес, өзара қолайлы шешімге келеді.       

 

Даулы мәселенің шешілуі тараптардың еркіне байланысты. Медиация икемді әрі бейресмилігімен ерекшеленетіндіктен, онда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігі анықталмайды.

 

Медиатор пайда болған түсініспеушіліктердің сындарлы шешімін табуға тырысады.

 

Ақтау қалалық сотында судьялар медиаторлармен, құқық қорғау органдары өкілдерімен біріге отырып, қылмыстық сот ісінде медиация заңын қолдануды жиі талқылауда.

 

Ендігі жерде арнайы орталық іске кіріссе, дауласушылар өзара келісімге келуге ниет білдірсе, ең алдымен қоғамда бір-бірімен тату-тәтті, сабырлы, сыйластықта, түсіністікте өмір сүретін ел азаматтарының қатары артып, бір тараптың пайдасына шешілетін даулардың саны азаяр еді.

 

Аида Бұлақбаева, Ақтау қалалық сотының судьясы

 

Суреттер qamshy.kz, krg.sud.kz, liter.kz, ksu.edu.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему