Маңғыстаулық екі балуан Ташкенттен қос медальмен оралды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 00:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық екі балуан Ташкенттен қос медальмен оралды

15 Апреля 2018 (19:42) | 1515 | Автор: Нурганым Имашева

Дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында (2001-2002 ж.т ұл, қыздар) Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 12-13.04.2018ж. aралығында Aзия кубогіне арналған дүбірлі додаөткенболатын.

 

 

Байрақты бәсекеге Қазақстаннан барлығы қыз-ұлдардан 40 спортшы қатысты. Маңғыстаудың намысын екі дзюдошы қорғауға аттанған еді.

 

Жарыста66 кг салмақта маңғыстаулық «Жас батыр» спорт мектебінің дзюдошысы Қуанышұлы Нұрбек қола жүлдегер атанды.

 

Бірінші кездесуінде Филиппиндік дзюдошыны иппон әдісімен (таза жеңіспен) жеңіп, екінші кездесуінде Манғолияның спортшысын иппонмен ұтты.

 

Үшінші кездесуі кезінде тәжік палуанын иппонмен ұтты. Төртінші кездесуін финалға шығу жолында қазақстандық балуан - тараздық Уали Алмасқа есе жіберіп алды.

 

Вазари әдісімен ұтылды. Қола медаль үшін белдесуінде өзбек палуанын иппонмен таза жеңіп қола жүлдегер атанды.

 

 

Екінші балуанымыз --Зұлxарнаев Мұxаммед +90 кг салмақта 2 орынды жеңіп алды! 1-ші кездесуінде тайландтық палуанды иппонмен ұтты. 2 –ші кездесуінде тәжік палуанын иппонмен жеңді.

 

3-ші кездесуінде Қырғыз палуанын иппонмен ұтты. Финалға шығарда .4 – ші кездесуінде маңғол палуанын иппонмен жаурынын жерге тигізді. Финалда вазари ұпайымен өзбек палуанына есе жіберіп, күміс медальдің иегері атанды.

 

Екеуі де «Жас батыр» спорт мектебінің спортшылары. ҚР дзюдодан жасөспірімдер құрама командасының мүшелері. Бапкері Қобланов Жомарт.

 

Елге жеңіспен оралған балуандарды және олардың бапкерлерін жүлделерімен құттықтаймыз. Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

 

Суреттерді түсірген «Жас батыр» спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему