Ерікті жастар тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған жандарға көмек көрсетті
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 13:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерікті жастар тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған жандарға көмек көрсетті

14 Апреля 2018 (15:24) | 2882 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер корпусының» еріктілері «Жүрегі толы мейірім» жобасы аясында Ақтау қаласындағы  тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған жандарға арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

 

 

Шара барысында ерікті жастар көмекке мұқтаж жандарға айран мен бөлке үлестірді. 

 

«Жүрегі толы мейірім» жобасының үйлестірушісі, ерікті жас Асылқайыр Айтибекұлы:

-Біз, «Еріктілер корпусының» еріктілері, 6 ай көлемінде «Жүрегі толы мейрім» жобасын жүзеге асырып келеміз.

 

Бүгін біз үшін маңызы зор жобамыздың кезекті шарасы өтті. Аталмыш қайырымдылық шарасының барысында күнделікті көшеде жүргенімізде көп көретін, тұрғылықты мекен - жайы анықталмаған азаматтарға ерікті жастар тарапынан көмек көрсеттік.

 

Олардың тосын сыйымызға таңырқай қарауын, айтқан жылы лебіздерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз бұл жоба арқылы қоғамдағы әртүрлі санаттағы жандарға, өмірде түрлі себептермен  қиындыққа душар болған кез-келген азаматтарға көмектескіміз келеді,-деген пікірімен бөлісті.

 

Суреттерді ұсынған «Еріктілер корпусы»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему