Жастар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы В.Трифоновпен кездесті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 09:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы В.Трифоновпен кездесті

13 Апреля 2018 (22:08) | 2019 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін «Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Шығармашылық бөлімінің» ұйымдастыруымен «lectorіum» жобасы аясында жастар Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Владислав Вячеславович Трифоновпен кездесті.

 

 

Елімізде Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асырылып, көпшіліктің онлайн дауыс беруінің нәтижесінде 102 тұлға жеңімпаз атанғаны белгілі.

 

Маңғыстаудан аталған жобада екі адам жеңімпаз атанды. Солардың бірі - Владислав Трифонов – пейілі кең, жүрегі жұмсақ жан. Бірінші топтағы мүгедек болса да, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді!

 

 Ол тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра білді, бойындағы жігер мен қайсарлық оны алға жетелеп, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына дейін өсті.

 

Владислав Трифонов 1972 жылы өмірге кеген. 15 жасында Владиславтың көзі көру қабілетінен 99 % айырылады. Көз жанарының көруі нашарлағаны үшін ол 1-ші топтағы мүгедек болып қалды. Мұндай қиындыққа тап болған кез-келген адам өмірден баз кешіп, қиналары сөзсіз.

 

Алайда Владислав тағдырдың сынағына қарсы тұра білді. Ол жасымай Шевченко қаласындағы техникалық училищеге оқуға қабылданып, «слесарь» мамандығын меңгерді. Мүгедектігіне байланысты кәсібі бойынша жұмыс істей алмайтындығын түсініп, 1994 жылы Ақтау қаласының «Меридиан» медицина колледжіне «фельдшер» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін 23 жыл бойы мануалды терапия маманы болып жұмыс істеді.

 

 

Владислав 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Кейіннен жекеменшік заң компаниясын ашты. Қаладағы 5 мемлекеттік Денсаулық сақтау мекемесінде заңгер болып жұмыс істеген. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ заңгер болып жұмыс істейді.

 

2006 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін Қоғамдық қор ұйымдастырып, соның директоры болды. Қор көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Қайсар жанның қайрат-жігеріне сүйсінбеу мүмкін емес. Аяқ-қолы балғадай, он екі мүшесі сау болса да Владиславтың істеген ісін жасай алмай жүрген жандар қаншама?

 

2014 жылы Владислав Трифонов Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сапасын арттыруға барынша үлесін қосуда. Ол өте қарапайым, мейірбан, ісіне жауапты жан. Владислав уәденің адамы!

 

2016 жылы «METROPOLITAN BUSINESS SCHOOI» мемлекеттік сектордағы менеджмент мамандығын меңгерді. 2017 жылы Мәскеудегі «Синергия» МВА Университетінде Іскерлік басқару магистрі атанды.

 

ҚР Әділет министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Маңғыстау облысы әкімінің медалі, параолимпия қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат, «Балаларға денсаулық» ҚҚ Алғыс хатымен марапатталған.

 

 

Мүмкіндігі шектеулі жан болса да, талай биіктерді бағындырып, арманына қол созуына ештеңе кедергі келтіре алмады. Владислав отандастарына үлгі боларлық азамат!

 

Жастармен кездесу кезінде В.Трифонов жас өрендермен өзінің өмір тарихымен бөлісті, қиындықтарды жеңу үшін қандай әрекеттер жасап, білімін қалай ұштағаны, жас шағында қандай қызыушылықтары болғаны туралы қызықты түрде әңгімеледі.

 

Жастар да өз тарапынан Владислав Вячеславовичке өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауап алды. Жастарды жігерлі жанның қиындықтардан шығуы үшін ненің мотивация болғаны, қандай кітаптар оқып, немен шұғылданғаны, қазір қандай әлеуметтік желілерді қолданатыны, болашаққа деген жоспарлары қызықтырды.

 

Кездесу соңында еріктілер корпусының жастары Владислав Вячеславовичпен естелік суретке түсті. В.Трифонов Орталықтағы еріктілер корпусының жай-күйі, тыныс-тірлігі, атқарып жатқан қызметтерімен танысып, ризашылығын білдірді.

 

Суреттерді түсірген Азамат Ахмедов

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему