Сот процесі және мемлекеттік тіл мәселесі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 05:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот процесі және мемлекеттік тіл мәселесі

13 Апреля 2018 (21:50) | 3415 | Автор: Нурганым Имашева

Сот процесінің негізгі сатысы саналатын азаматтық іс жүргізудің міндеті - істі уақытылы қарау және дұрыс шешу болып табылады.

 

 

Азаматтық процессуалдық Кодексінің 14 бабына сәйкес, сот ісін жүргізу тілін  сақтау үшін құжаттар қай тілде түссе, сол тілде жүргізіледі. Яғни, құжаттар қазақ тілінде болса, сот ісі де қазақ тілінде, егер, орысша болса, онда сол тілде жүргізілуі тиіс.

 

Дегенмен, кейде құжаттар екі тілде келіп жатады. Бұл әрине, сот ісін жүргізу талабына келтіруде қиынға соғады. Берілген талап арызды қайтару арқылы кемшілікті жою мүмкіндігі заңда қарастырылғанымен, іс жүзінде арызды қайтару заңсыз болып саналады. Оның үстіне жеке тұлғалардың арызға қоса берілген құжаттарын іс жүргізу тіліне аударып әкелуі оңай шаруа емес, оған қаражат және қосымша уақытты қажет етеді.

 

 Негізінде, арыз қай тілде жазылса, құжаттар да сол тілде тіркелуі тиіс екендігін сотқа арызданушылардың көпшілігі де біле бермейді.

 

 Мысалға, көптеген  азаматтар, сонымен бірге мемлекеттік органдар да талап арызды мемлекеттік тілде жазса, құжаттарын ресми тілде әкеледі, немесе керісінше.

 

Сонымен қатар, талап қоюшылар талап арызды ресми тілде келтіргенмен, істі сот талқылауына дайындаған кезде ол тілді білмейтіндігін, ал арызды сотқа заңгерлердің ресми тілде дайындағаны анықталып жатады.

 

Мұндай жағдайларда, сот ҚР АПК-нің 14-бабының талаптарын басшылыққа алып, сот ісін жүргізу тілін сот ұйғарымымен өзгертеді. Тіпті кейбір заңгерлер арасында қазақ тілінде арыз жазғанша ресми тілде жазған ыңғайлы, әрі тез деген пікір орын алған.

 

Осы орайда, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызына тоқталсақ, қай ұлтта, қай елде болсын, туған тіл - қастерлі, құдыретті. Ата-бабаларымыздан мирас болып, ұлтымыздың үні мен жүрегіндей қазақ тілі біздің халықтың да мақтанышы әрі болашағы.

 

 «Сүйемін ана тілін, бабам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім» демекші, жарық дүниеге келе сала, ең мейірімді, ең ізгі сөздерді ана тілімізде естиміз. Содан болар, ол ана тілі деп аталады. Туған тіл – тек өміріңнің айнасы, тірлігінің қолданысы емес, сондай-ақ, ұлтыңның болашағы.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, маңызын арттыру, қолданысын күшейту – әрбір қазақтың міндеті. Бүгінгі жас ұрпақтың тілін білуі, өз тілін құрметтеуі – ол болашағымызға деген кепілдік деп түсінуге болады. Ал, өз тілін білмейтін, сүймейтін, білмейтініне күймейтін ұрпақтан үміт аз. Ал, тілге деген сүйіспеншілік сөз жоқ, отбасында қалыптасады.

 

Тағы бір айтар кетерлік жәйт, «Сот төрелігі» базасында істердің санаттарын таңдау кезінде қазақ тіліндегі нұсқасы толық жоқ, қазақ тіліндегі аудармаларында бірқатар қателіктер орын алуда. Мемлекеттік тілде қаралатын істер бойынша жолдама хаттарды жазу кезінде мемлекеттік органдар мен көптеген ұйымдардың атаулары қазақша жазылмағандықтан, төл тіліміздегі хаттардың мекен-жайлары ресми түрде жазылып жатады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы Жарлығына сәйкес, жеке куәлік немесе паспорт орысша жазылса да, адамның аты-жөні мен тегін мемлекеттік тілде қаралатын істердің қағаздарында қазақ тілінде жазуға болатынын ескере отырып, адамның аты-жөнін мемлекеттік тілде қаралатын істердің қағаздарында қазақ тілінде жазуды қалыптастыру қажет.

 

Өкінішке орай, ел көлемінде қазақша жазылған нұсқа құжатқа сәйкес келмесе, оны қате санау белең алған.

 

Сөз  соңында, мемлекеттік тілде қаралатын іс құжаттарын біріздендіру, «Сот төрелігі» базасына істерді автоматты түрде бөлу парағын мемлекеттік тілде дайындау мәселелері уақыттың талабы екенін айтқым келеді.

 

 

Қ. Сағындықова

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы  

 

Суреттер ZHARAR.com сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему