Маңғыстау облысында «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция жалауын көтерді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция жалауын көтерді

13 Апреля 2018 (21:46) | 2180 | Автор: Нурганым Имашева

Марафондық эстафета түрінде бастау алған акцияға Лондон мен Рио-де-жанейро олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен оқушылар, этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

 

 

Акцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ жүруге шақыру.

 

Алдымен марафоншылар Ақтау теңіз айлағында катамаранға мініп қаланың қақ ортасына дейін жүзіп келді.

 

Оларды оқушылар мен студенттер, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен мәслихат депутаттары күтіп алды.

 

 

«Мен Ақтауды сүйемін» жазуының қасында Департамент басшысы Н.Жанназарова, әйгілі спортшы Ә.Ниязымбетов, корей халқының «Чосон» этномәдени орталығының жетекшісі Р.Маденова көпшілік алдында сөз сөйледі.

 

Салтанатты шараның жалғасы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында өтті.

 

Марафоншыларды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Жас өнерпаздар күйден шашу шашып, темір тұлпармен жеткен акция жалауын ақбозатпен қабылдап алды.

 

 

Жыл бойына жалғасатын «Адал жол» акциясы аясында барлық сала қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру жоспарланған.

 

Түпқараған ауданы алдағы уақытта эстафетаны әрі қарай облыстың өзге аудандары мен қалаларына жолдайды.

 

Республика бойынша жүріп жатқан «Адал жол» акциясы «9 желтоқсан – сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» елордада, ал облыстық деңгейдегі шаралар Ақтау қаласында қорытындыланады.

 

Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себебімен күреске баса мән беру, осы дерттің алдын алу акцияның негізгі мақсаты.

 

 

Айта кету керек, биыл жыл басынан бері өңірімізде «Өнер мен мәдениетте жемқорлыққа жол жоқ» акциясы да кең көлемде өткен болатын. Қалың бұқараның қатысуымен ұйымдастырылатын мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

Департаменттің Баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Департаменттің Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему