Жассудьялардың жұмыс бағыттары талқыланды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 01:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жассудьялардың жұмыс бағыттары талқыланды

13 Апреля 2018 (21:41) | 1360 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында жас судьялардың қатысуымен кезекті семинар сабағы өткізілді.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, оқу орталығының үйлестірушісі С.Умирбулатова, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының судьясы, жас судьялар кеңесінің төрағасы   А. Қонысов қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.

 

Семинар сабағында жас судьяларға арналған тәлімгерліктің тиімділігі талқыланып, жұмыс өтілдері 3 жылдан асқан судьяларды жас судьялар қатарынан шығару мәселесі қаралды. С.Умирбулатова қатысушыларға азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарды сапалы орындау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, Судьялық әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтау мәселелері туралы айтып өтті.

 

 

Қазіргі таңда жергілікті соттардың кейбір жас судьяларының 3 жылдан астам қызмет өтілі бар және бүгінгі күні олар сот төрелігін тиісті деңгейде атқарып келеді. Оның ішінде Ақтау қаласының №2 сотының судьясы М.Джумаева, Бейнеу аудандық сотының судьялары К.Акеров, А.Усербаева, Мұнайлы аудандық сотының судьясы А.Дусимова бар, семинар барысында осы судьялардың жұмыс бағытына оң қорытынды беріліп, оларды жас судьялар қатарынан шығару туралы ұсыныстар келтірілді.

 

 

Қайнар: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему