Маңғыстаулық балуандар Жезқазғаннан 5 медальмен оралды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар Жезқазғаннан 5 медальмен оралды

10 Апреля 2018 (20:03) | 1772 | Автор: Нурганым Имашева

Жезқазған қаласында 4-8 сәуір аралығында жауынгерлік самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 600 спортшы қатысты.

 

 

Ел Біріншілігінде Маңғыстау облысының самбошылары жақсы ойын көрсетіп, бірнеше жүлделі орындарды жеңіп алды.

 

52 кг салмак дәрежесінде Домбаев Нұркен 1 орынға ие болып, алтыннан алқа тақты.

 

48 кг салмақта Аппазова Балнұр 2-орынға лайық деп танылып, күміс медальдің иесі атанса, 62 кг салмақтағы Мамаев Рамазан және 68кг салмақтағы Серғазиев Нұрлыбай - 3 орынды қанағат тұтып, қола жүлдені иеленді.

 

Сонымен қатар 100кг салмақта сынға түскен Мұратұлы Айболат та ІІІ орынға табан тіреді.

 

Алтын медальдің иесі атанған Нұркен Домбаев алғашқыда Шығыс Қазақстан облысының балуаны Егінбаев Думанмен күш сынасса, екінші кездесуін Қызылорда қаласынан келген спортшы Қаражігітов Русланмен өткізіп, қарсыласының жаурынын жерге тигізген соң, үшінші белдесуін Ақтөбенің балуаны Кәрібаев Әнуармен өткізіп, оны да таза жеңіспен тізе бүктірген.

 

 Финалда Ақтөбе қаласының спортшысы Сапаров Эдуардтан басым түсіп, алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырына көтерілді.

 

Маңғыстаудың намысын қорғап, аймақ абыройын асқақтатқан балуандарымызды жеңістерімен құттықтап, келешекте де биік шыңдарды бағындыруды нәсіп етсін деген тілегімізді арнаймыз.

 

Суреттерді түсірген облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему