Тимур Құлыбаев: Жаппай туризмді дамытуда заманауи шешімдер керек
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 03:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тимур Құлыбаев: Жаппай туризмді дамытуда заманауи шешімдер керек

7 Апреля 2018 (20:34) | 1663 | Автор: Нурганым Имашева

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты.

 

 

Жиынды ашқан Тимур Құлыбаев бизнесті қолдаудағы Ұлттық палата мен Үкіметтің бірлесіп атқарған жемісті жұмысын атап өтті.

 

-Үкімет отандық кәсіпкерліктің дамуына аса назар аударуда. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі де талқылануда.

 

Аталған бағытқа мемлекеттен қаржы бөлінбек. Біз бұл қолдауды оқыту бағдарламалары және қаржылық ресурстармен күшейтуіміз керек. Бұл үдеріс сәтті әрі тиімді өтеді деп ойлаймын, - деді Тимур Құлыбаев.

 

 

Жиын барысында Ұлттық палата мен Маңғыстау облысы әкімдігінің жұмыс нәтижесі талқыланды. Дәл осы өңірде «Атамекен» бірнеше бастаманы қолға алып, жүзеге асырған болатын.

 

-Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау» пилоттық жобасы» осы жерден басталды. Осы өңірден «Атамекен» жанынан шағын несиелеу ұйымдарын енгізуді қолға алдық. Бүгінде осы бағытта жақсы нәтиже мен алғашқы жемістерді көріп отырмыз.

 

Осы ретте шағын несиелеу ұйымдарына қайтарым ағымы коммерциялық банктермен салыстырғанда анағұрлым жақсы. Шағын бизнесті шағын несиелендіру бастамасын ERG, «Алмэкс», «Қазақмыс» сынды ірі бизнес қолдаған болатын. Бүгінгі нәтиже көңіл қуантады. Осы жемісті тәжірибе  ел ауқымына таралды, қазір шағын несиелеу барлық өңірлерде де жүргізілуде», - деді Тимур Құлыбаев.

 

 

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының айтуынша, Мемлекет басшысы «Бастау» жобасы бойынша нәтижемен танысып, жоба қатысушыларына шағын несие беру үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды. Тимур Құлыбаев бұл үдеріс бірнеше жылда елдегі кәсіпкерліктің өсуіне айтарлықтай серпін беретінін айтты.  

 

-Әрине, адамдар бизнесті бастамай тұрып, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуымыз керек. «Бастау» бағдарламасынан басқа «Атамекен» бастамасымен орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына кәсіпкерлік және бизнес негіздерін үйрететін арнайы пән әзірленді.

 

Осылайша бұл бастама арқылы мектеп жасынан бастап мамандықты дұрыс таңдап, жастардың бизнеске жаппай тартылуына себептігін тигіземіз, - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 

Жиын барысында «Атамекен»  басшысы Маңғыстау облысының туристік әлеуеті жоғары екенін айтып, осы мүмкіндікті бизнес тиімді пайдалануы керек екенін назарға салды. Төралқа Төрағасы жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, Туризмнің өңірлік картасын әзірлеуді және әсем табиғаты мен тарихи орындары бар өңірді ел ішінде де, шетелге де белсенді насихаттауды ұсынды.  

 

-Ақтау - Қазақстанның ең көрікті қалаларының бірі. Бұл артықшылықты өңір игілігіне пайдалану керек. Жаппай туризмді дамытуда заманауи шешімдер қажет.

 

 Егер бұл үдеріске тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылар, маркетологтар, дизайнерлерді тартса, онда туризмді сапалы әрі тиімді жүргізуге болады.

 

Осылайша нақты жұмыс істейтін жаппай туризмді  дамытамыз. Тамақтандыру орындары, қызмет корсету сервисі мен логистиканың сапалы әрі  жоғары деңгейін қамтамасыз ету керек.

 

 

Бизнес осы бағытта белсенді болуы жөн – бұл аса тиімді әрі тартымды кәсіп. Бәріміз осы жұмысқа атсалысайық, әкімдік те бұл бағытты қолдап отыр, - деп ұсынды Төралқа Төрағасы.

 

Тимур Құлыбаев Елбасының өңірдегі шағын және орта бизнестен түсетін салықтың бір бөлігін жергілікті жерде қалдыру туралы тапсырмасын еске салды. Бұл әкімдіктер мен барлық мемлекеттік органдардың кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыратыны сөзсіз.

 

-Жергілікті бюджеттер толықтырылады және осы қаражатты өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге, облыстардың инвестициялық әлеуетін арттыруға жұмсауға болады, - деді «Атамекен» басшысы.

 

 Осы ретте Тимур Құлыбаев адамдар өмірі мен денсаулығына қатысты қауіпсіздік пен бизнестің жауапкершілігі аса маңызды екенін айта келе,   көпқабатты үйлердегі лифт қызметінің осалдығы, кеше ғана Ақтөбе қаласындағы болған қайғылы жағдайды мысалға келтірді.

 

 

-Адам денсаулығына қатысты сұрақтарда қатаң бақылау болуы шарт. Өзін-өзі реттеу үдерісі дамуы керек. Құрылыс қауымдастықтары нақты нормативтік базаны әзірлеп, құрылыс сапасына бақылау жүргізуі жөн.

 

 Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдастықтар да бақылау жүргізгені орынды, бірақ, өкінішке қарай бізде ондай белсенді қоғамдар жоқ.

 

Сақтандырудың нақты механизмі керек, ол да әзірге жұмыс істемейді. «Атамекен» сақтандыруды енгізуді айтуда.

 

Кемеровода болған жағдайдан соң  өрт қауіпсіздігін күшейтуді қайта қолға алдық.  Бизнестің өрт қызметіне деген шағымы көп.

 

Ұлттық палата бұл органдардың бизнеске қатты қысым жасамауын қамтамасыз етуде тырысып жатыр, дегенмен бұл салада бақылау болуы шарт.

 

«Атамекен» бизнесін адал жүргізетін кәсіпкерлерді, заң мен нормативтерді ұстанатын бизнесті қолдайтынын назарға саламын», - деді Тимур Құлыбаев.

 

Кеңес отырысы туралы ақпаратты біздің басылымға Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі жолдады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему