Ақтауда өгей шешесінің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық істі сотта қарау жалғасуда
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 01:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өгей шешесінің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық істі сотта қарау жалғасуда

7 Апреля 2018 (20:27) | 1876 | Автор: Нурганым Имашева

Жылдың басында, қаңтар айының 4-інде Бейнеу кентінде орын алған жантүршігерлік оқиға – 16 жасар жасөспірімнің қазасы бүкіл елді дүр сілкіндіргені белгілі.

 

 

Баланың өліміне өгей шешесі кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 99 бабының 2 б. 14т. (жасөспірімді қасақана өлтіру) қылмыстық іс қозғалғаны туралы да БАҚ беттерінде біраз хабарланды.

 

Наурыз айының 29-ынан бастап Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі қарау бойынша ашық режимдегі сот отырысы басталғаны да жұртшылыққа анық.

 

Аталмыш сот органында 6 сәуірде қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы болып өтті. Сотқа сотталушы келіншек пен қаза болған баланың туыстары – екі жақтан да біраз адам қатысқаны белгілі болды.

 

Сот отырысында сотталушының қорғаушысы соттан екі сараптама: сотталушыға психологиялық экспертиза және жылу-техникалық сараптамасын жүргізілуін сұрап, өтініш еткен, алайда ондай сараптамалар сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жасалғанын уәж еткен сот, қорғаушының өтінішін қанағаттандырусыз қалдырған.

 

Сонымен қатар, сотта куәгерлер мен сот сарапшысынан жауап алынған.

 

 

Сот отырысында судья шығып кеткен кезде сотталушының туыстары мен жәбірленуші тарап арасында жанжал туындап, арты ұрыс-керіске айналғаны соншалық, сот приставтары полиция нарядын шақыру туралы ескерту жасап, тараптарды тысқа шығарып жіберуге мәжбүр болған.

 

Сотқа қатысқан қаза болған баланың анасы ұлын өлтірген келіншекке ауыр жаза берілуін талап ететінін мәлімдесе, сотталушының туыстары қаза болған жасөспірімнің анасын баласын тәрбиелемеді деп кінәлаумен болды.

 

Келесі сот отырысы сәуірдің 18-не белгіленді.

 

 Суреттерді түсірген Наталья Фомина 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему