Қош келдің, Әз Наурыз!
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 05:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қош келдің, Әз Наурыз!

5 Апреля 2018 (21:37) | 2891 | Автор: Нурганым Имашева

Дәл осындай атаумен Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы әкімшілік бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелик шара өтті. Дүбірлі думанға мекеменің барлық бөлімшелері белсене қатысып, шағын ауылдар болып өнерлерін көрсетті. 

 

 

-Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.  Бұл біздің халқымызда  күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 

 

 Осындай шақта біздің ұжым мерекелік шараны сайыс түрінде өткізуді жөн санады. Әр бөлім жеке киіз үй тігіп, өз алдарына салтанат құрды.

 

 Ауылдарымызға «Бәйшешек» (опн бөлімі), «Наурызша» (қабылдау бөлімі), «Қызғалдақ» (педиатрия бөлімі), «Рауғаш» (жансақтау бөлімі), «Наркез» (дхо бөлімі), Лалагүл (неврология бөлімі) деген аттар бердік.

 

 

 Қатысушылар өнерлерін көрсетіп ғана қоймай, Наурызға, қазақтың салт-дәстүрлеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін де сынады,-дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директоры Камшат Тұрсынбекова.

 

Сайысқа қатысушылар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Одан бөлек, ұлттық киімдерден сән көрсетілімін ұсынып, асық ойнап, арқан тартты. Қол күрестен «мықтылар» да анықталып, наурыз көже ішуден жарыстар да ұйымдастырылды.

 

 

Суреттерді түсіргенМаңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему