Маңғыстау облысы: Сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы: Сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі

5 Апреля 2018 (12:39) | 1404 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау обласының ТЖ Департаментінде 2018 жылдың 2 сәуір күні «Облыс аумағында орналасқан сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы, және де нысан басшыларына өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

Бұл іс-шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г.Калмуратова, Департамент қызметкерлері, Ақтау қаласының ТЖ Басқармасы басшылары мен инженерлік-инспекторлық құрамы, «Атамекен» аудандық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Ресей Федерациясының Кемерово қаласында орын алған төтенше жағдай туралы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры М.Мұханов  айтып өтті.

 

Сонымен қатар, сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы туралы Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Ысқақов мәлімет берді.

 

Басшы қалалық ТЖ басқармасының инспекторларымен және қызметкерлерімен сауда нысандарында өрттің алдын-алу және болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті

 

Қорытындылай келе, Департамент бастығының орынбасары Мұрат Мұханов қаладағы сауда орындарының басшыларына адамдар жаппай шоғырланатын нысандардағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін қатаң сақталуына назар аударды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему