Кәсіптік бағдар беру. Оқушылар отандық өнім өндіруші тігін цехымен етене танысты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіптік бағдар беру. Оқушылар отандық өнім өндіруші тігін цехымен етене танысты

4 Апреля 2018 (15:52) | 3233 | Автор: Нурганым Имашева

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі және «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» бірлесе отырып, Ақтау қаласы, 22 шағын ауданындағы Серікбол Қондыбай атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларына арнап өлкемізге, қалаберді елімізге танымал «Zhamal-ai» LTD ЖШС киім тігу цехына экскурсия ұйымдастырып, жасөспірімдер өнеркәсіп жұмысымен етене танысты.

 

 

Бүгінгі шара «Атамекен» ӨКП адами капиталды дамыту бөлімі жұмысының басты бағыттарының бірі - оқушыларға болашақта таңдайтын кәсібіне бағдар беру мақсатымен жасалды. Аталған мекеменің таңдап алынуы да тегін емес. Түрлі өндірістік мекемелерге арнайы аяқ киім  және сырт киімдер тігумен айналысатын киім тігу цехы – былтыр өткен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жүлдегері, өлкемізде ұйымдастырылған «Үздік тауар» сайысының жеңімпазы атанған әрі тауарларының сапасы мен қолжетімділігі бойынша нарықта өзін бірнеше мәрте дәлелдей алған үлгілі ұжым.

 

Экскурсия барысында оқушылардың көріп-білгені: мекеме аяқ киім және арнайы сырт киім тігу бойынша бір-бірінен оғаш орналасқан екі цехтан тұрады. 100 пайыз отандық өнімді тігуге жалпы саны 158 маман атсалысып отыр. Кез келген киім түрінің эскизінен бастап дайын өнім алу процестерінің барлығы осы цехтың қабырғасында жүзеге асады.

 

 

Киім тігу цехы мекемесінің шебері Өмірболатова Клара:

 -Цехта негізінен өндірістік мекемелерге арнап киім түрлері тігіледі. Қазір күніне қыстық 50 костюм, ал жаздық киімнен күрделілігіне қарап 60-70 дана шығарамыз.

 

Сатып алушылардың дені жергілікті компаниялар. Десек те, осыған дейін сұраныс болғанына қарай тауарларымызды Атырау, Қызылорда, сондай-ақ еліміздің Шығысына да жіберіп отырдық.

 

Тағы бір ерекше айта кететінім – арнайы киімнен бөлек, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында «SHARKEY» брендімен өзіміздің аяқ киімдер мен жейделеріміз, сондай-ақ поло, оқушылардың мектеп формалары сатылатын фирмалық дүкеніміз жұмыс істеп тұр.

 

Мекеме арнайы тапсырыспен де киім түрлерін шығарады. Экскурсия барысында оқушылар жұмыс процестерін өз көзімен көріп, дайын киімдерді киіп те көрді. Жасөспірім болғасын әсіресе футболкалар мен мокаси аяқ киімдеріне қызығушылық танытып, оң бағасын беріп жатты. 

 

 

9-сынып оқушысы Әлімбаев Серік:

-Келгеніме қуаныштымын, бастысы - уақытым зая кеткен жоқ. Бұл мекемені сырттай білуші едім, бүгін оның жұмысын өз көзіммен көрудің сәті түсті.

 

Жалпы өзіме былғарыдан жасалған өнімдер қатты ұнайды. Ал бұл жерде байқағаным – барлық аяқ киімдер таза былғарыдан – сиырдың терісінен өңделіп жасалады екен. Біздерге осындай тамаша экскурсия сыйлаған сіздерге рахмет, -деп алғысын білдірді.

 

 

Айта кетуіміз керек, бүгін өткен экскурсия «Атамекен» ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыратын шараларының басы.

 

Алдағы уақытта облыс орталығынан бөлек, аудандарда да мектеп оқушыларына мамандық таңдауға бағдар беру бойынша мекемелерге сапарлар жасалатын болады. Солардың бірі бүгін облыс орталығындағы шарамен қатарласа өткен Жаңаөзендегі «Жанарыс» тігін фабрикасына ұйымдастырылған экскурсияны айтсақ болады. Алдағы уақытта да осы бағытта өтетін шаралар жөнінде қосымша хабарлайтын боламыз.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Ақпарат және БАҚ-пен байланыс бөлімі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему