Төтенше жағдайлар департаментіндегі басқосу
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 10:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төтенше жағдайлар департаментіндегі басқосу

2 Апреля 2018 (15:25) | 1768 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРДАН туындайтын шараларды орындау мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

 

 

Іс-шараға төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілі мен облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.

 

Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Н.Долдашев мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының талаптарын бұзушылығының алдын алу бағытында Әдеп жөніндегі уәкілдің профилактикалық жұмыстарды жандандыруы және оның қызметін дербес негізге көшіру (азаматтардың арыз-шағымдарын қарастыру, тиісті мониторинг, талдаулар жүргізу үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттар сұрату және т.б.) туралы айтып өтті.

 

 Бұдан кейін, «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығындағы (Pocketbook) жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық қағидалары мен олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілеріне де тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстардың бірлескен қызметті атқаруы және тағы да басқа мәселелерден туындайтын мүдделер қақтығысын болғызбау қажеттігі айтылды.

 

 

Өз кезегінде аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіріп, биыл Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен таныстырды.

 

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему