Облыс аумағында өсімдіктерді қорғау саласы бойынша бірқатар  жұмыстар атқарылуда
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс аумағында өсімдіктерді қорғау саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда

31 Марта 2018 (13:58) | 3931 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы облыс аумағында өсімдіктерді қорғау саласы бойынша жыл сайын бірқатар жұмыстар атқарып келеді, ерекше қауіпті зиянды және зиянды организмдерге қарсы мониторингтік зерттеулер мен зиянкестерді бақылау және олардың даму сатысы бойынша есептілігін жүргізу және басқа да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

Сапалы атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен 2017 жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдеріне нұқсан келтіретін зиянды организмдер экономикалық зиянды шектен төмен болғандықтан ағымдағы жылға химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған жоқ. 

 

Ағымдағы 2018 жылы облыс бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы  179 мың гектар жерге, қауіпті организмдерге қарсы 20 мың гектар жерге зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

 

 Зерттеу жұмыстары «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар орталығы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп өткізіледі.

 

 

Аса қауіпті зиянды организмдер (итальяндық прус, азиялық шегіртке) мен қауіпті организм үйірсіз саяқ шегіртке күбіршіктерінің көктемгі қоныстануына, дернәсіл кезеңінде көктемгі – жазғы қоныстануына, шағылысуы мен жұмыртқа салуы кезеңіндегі жазғы қоныстануына және күбіршіктерінің күзгі қоныстануына, сонымен қатар аса қауіпті организмдер тышқан тәріздес кеміргіштер мен саршұнақтардың көктемгі, жазғы, күзгі таралуына  мониторингтік зерттеулер жүргізіледі. Аталған іс – шаралар облыстың барлық аумағында жүзеге асырылады.

 

Сонымен қатар, әр жыл сайын Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына, 2011 жылдың 30 қазанындағы №1396 «Пестицидтерді тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №515 «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қаулысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №15-05/864 «Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №217 «Зиянды организмдерге қарсы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс – шараларды жүргізу шараларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға әр жарты жылдық сайын Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін жоспар бойынша ішінара тексерістер уақытылы жүргізіліп келеді.

 

 

Егер тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті құжаттар толтырылып, 2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

 

Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын, тасымалдайтын және қолданатын жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті уақытылы тапсыруы қажет.

 

Құрметті Облыс тұрғындары! Сіздер күнделікті өмірде жоғарыда аталған қауіпті зиянкестерді байқасаңыз мына телефондарға 8/7292/ 605041, 605040 немесе 23 ш/а №39 үйде орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына хабарлауыңыз сұралады.

 

 

Гүлмира Мүдебаева

өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және

 фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі

 мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему