Ақтау қалалық мешітінің және Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамдары тілшілер қауымын Наурыз мейрамымен құттықтады
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 05:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық мешітінің және Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамдары тілшілер қауымын Наурыз мейрамымен құттықтады

24 Марта 2018 (11:20) | 5319 | Автор: Нурганым Имашева

Ұлыстың Ұлы күнін тойлау қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің және Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамдарының бастамасымен имандылық тақырыбына қалам тербеп жүрген БАҚ тілшілері және ҮЕҰ өкілдеріне Ақтау қаласындағы «Ас Төр Үй» мейрамханасында мерекелік ақ дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Бас имамы Смайыл Сейітбековбасқосудың мақсатына тоқталып, тілшілер қауымына бірлесіп атқарған жемісті жұмыстары үшін алғысын білдірді және ҰлыстыңҰлы күнімен қызу құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке тіледі.

 

Журналистер қауымына сөз кезегі берілген кезде облыстық «Маңғыстау» газетінің тілшісі Валентина Қозыбақова мен «Огни Мангистау»

газетінің тілшісі Тойған Тасқынбаева және «Не хабар?!» газетінің редакторы Нұржан Есетов облыс орталығындағы қос мешіттің бас имамдарына ел игілігі үшін қоян-қолтық атқарған жұмыстарына, өздеріне көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдірді.

 

 

Үкіметтік емес ұйымдар атынан сөз алған «Жастар жетістіктері» ҚБ-нің жетекшісі Жақсыгүл Махамбетова және Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Айсұлу Дүтбаева да дін өкілдеріне қоғамның іргесі бүтін болуы үшін бірлесе атқарған игі істердің өз жемісін береріне сенім арта отырып, әрдайым ынтымақтаса әрекет етудің маңызы туралы тілге тиек етті.

 

 

Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Зиядулла Еміл:

-Бүгін журналистер қауымының басын қосып, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, тілшілердің еңбегін елеп, алтын уақыттарын арнап, бізбен  бірігіп атқарған қызметтері үшін алғысымызды, ізгі ниетімізді білдіру, және оларға өзіміздің алдағы уақыттағы жоспарларымызбен бөлісу мақсатында осы бір басқосуды ұйымдастырып отырмыз.

Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстардың бағыт-бағдары, қоғамның тыныштығы, жастардың болашағы туралы, бүгінгі басталған Реджеб айы, жақында басталар қасиетті Рамазан айы жайлы айтып жатырмыз.

 Құдай қаласа, алдағы уақытта атқарылар істер баршылық. Қазіргі таңда үлкені бар, кішісі бар – 40 шақты оқушымыз бар. Одан басқа екі айдың көлемі болды, аптасына 3 рет зағип жандарға арнап класс ашып, бұл кісілердің өздерінің арнайы кітаптары, оқу құралдары бар, мұғалімдерін шақыртып, оларды да қолымыздан келгенше, ішінде  құранға түскендері де бар, құран әліппесін үйретіп жатырмыз.

Ақтау қалалық мешіті сонау 1989 жылы салынған шағын мешіт екені өздеріңізге белгілі. 2014 жылы қосымша жер телімін алған болатынбыз. Қазіргі таңда мешіт құрылысының жобасы дайындалуда. Құдай қаласа, мың жарым адам сыйатындай 2 қабаттан тұратын мешіт ғимаратын саламыз деген жоспарымыз бар

 Алдағы уақытта, Құдай қаласа, тілшілермен бірлесіп жұмыс атқаруымыз үшін, халықтың көзін ашып, қоғамды хабардар етіп отыру үшін өздеріңізбен бірлесе жұмыс атқарамыз деген үміттеміз,-деді.

 

 

Дін өкілдері мен БАҚ, ҮЕҰ және кейбір мемлекеттік ұйымдардың басын қосқан бұл басқосудың өзіндік маңызы зор болғаны сөзсіз. Қос мешіттің бас имамдарының бастамасымен ұйымдастырылған аталмыш кездесуге қатысқандар «Бәріміздің илегеніміз – бір терінің пұшпағы» дегендей, қоғам игілігі үшін бірлесіп атқарар келелі істердің ұйытқысы болуға бірауыздан уағдаласты.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему