Кәсіпкерлерді қолдау орталығы көмекке келеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы көмекке келеді

15 Марта 2018 (15:35) | 2383 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасы Үкіметтегілерге «Қандай дүлей дауыл соқса да, әлеуметтің әлеуетін төмендетпеуге талпыныс жасаңдар, халық жұмыссыз қалмасын»- деген тапсырмасы ел есінде. Демек, атқарушы билік өкілдері берілген тапсырманы жүйелі атқармақ ниетте «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бағдарламаны бекітіп, қазір сол бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр.

 

 

Десек те, аталған бағдарламадан бөлек, өзге де жобалар жетерлік.

 

Яғни, кәсіп ашамын деген азаматтар үшін мемлекет барын салуда. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жыл басынан бері 362 клиентке 417 қызмет көрсетілген.

 

Көмекке жүгінгендердің басым бөлігі – шағын және орта кәсіп субъектілері бойынша кеңес алғандар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары облыстың аудандарында жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз.

 

 

Кеңес керек болса, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша сол аудандағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына (КҚО) барсаңыз болады. Мұнда арнайы кеңесшілер қызмет етеді. Олар «Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017 – 2021», «Экспортшы-2020», «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламалары туралы толыққанды  ақпарат беріп, қызметтерін көрсетеді.

 

Орталыққа келушілерге сонымен қатар бизнесті ашу, жабу және жүргізу мәселелері бойынша да тегін кеңес беріледі.

 

 Түрлі қаржы институттарының жұмыс шарттары түсіндіріледі, құжаттарды ресімдеу процесінде көмек көрсетіледі.

 

 

Әр ауданда КҚО «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары бойынша оқыту семинарларына қатысуға өтінім жинауда жүзеге асырлатынын хабарлаймыз.

 

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген кәсіпкерлерді қолдау орталығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему